2013 жылғы 09 сәуірдегі №17/13 хаттамадан көшірме

Қазақ

2013 жылғы 09 сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 17/13 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. «KEGOC» АҚ-ның Жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ  Басқарма төрағасы (Б.Т. Қажиев)  «KEGOC» АҚ-ның жаңа редакциядағы Жарғысына  қол қойсын және осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды  қолдансын.

3. «KEGOC» АҚ  Жалғыз  акционерінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №65-п шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Жарғысының күші жойылды деп танылсын.

4. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, осы шешім «KEGOC» АҚ  Жалғыз  акционерінің шешімі болып саналсын.