2013 жылғы 29 наурыздағы №12/13 хаттамадан көшірме

Қазақ
2013 жылғы 29 наурызда «Самұрық-Қазына» «Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 12/13 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:
1. Қоғамның 2012 жыл үшін жылдық қаржылық есептемесі бекітілсін.
2. Қоғамның 2012 жыл  қорытындылары бойынша алынған 6 941 029 000 (алты миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион жиырма тоғыз мың) теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Бейбітшілік көш., 37, РНН 600700153614, IBAN KZ45826Z0KZTD2001154 «АТФ Банк» АҚ-да, БИК ALMNKZKA):
1) 2 082 309 000 (екі миллиард сексен екі миллион үш жүз тоғыз  мың) теңге мөлшеріндегі таза табысының 30%-ы Жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге жіберілсін;
2) 4 858 720 000 (төрт миллиард сегіз жүз елу сегіз  миллион жеті жүз жиырма  мың) теңге мөлшеріндегі таза табысының 70%-ы Қоғамның иелігінде қалсын.
3. Қоғамның бір акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері - 9 (тоғыз) теңге 71 (жетпіс төрт) тиын болып бекітілсін.
4. 2013 жылғы 10 сәуір дивидендтер төленетін күн болып бекітілсін.
5. Дивидендтерді төлеу Жалғыз акционердің  банктік шотына ақша аудару жолымен дивидендтер төлей бастаған күннен бастап 20 (жиырма) күн ішінде ақшалай жүргізілсін («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ; орналасқан жері: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., д. 23; КБЕ 16; СТН 620200333937; ИИК KZ91125KZT1001300144, БИН 081140000436; «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» ММ, Алматы қ.; БИК NBRKKZKX).
6. Жалғыз акционердің 2012 жылы Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштерінің жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.
7. Қоғамның Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев заңнамамен бекітілген тәртіпте осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
8. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, осы шешім Қоғам акционерлері жалпы жиналысының шешімі болып табылады.