2014 жылғы 29 сәуірдегі №20/14 хаттамадан көшірме

Қазақ

2014 жылғы 29 сәуірде «Самұрық-Қазына» «Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 20/14 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. Компанияның бұған дейінгі тыңдауда берілген тапсырмаларды орындау барысы туралы ақпарат назарға алынды.

2. Компанияның Жалғыз акционердің күткендері орындалғаны туралы ақпараты назарға алынды. 

3. Қордың 2012-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясын Компанияның Ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы жоспарының орындалуы туралы ақпарат назарға алынды.

4. Компанияның 2013 жылғы Даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат назарға алынды.

4.2 Компанияның 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспарының параметрлері назарға алынды.

4.3 Директорлар кеңесіне Компания менеджментіне 2014 жылы мынадай іс-шаралардың орындалуын тапсыру туралы ұсыным берілді:

4.3.1 сатып-өткізуден болған кірістер өсіміне шығыстар өсімінің арақатынасы бойынша әрекеттер жүзеге асырылсын;

4.3.2 Компанияның қаржылық орнықтылығы жөнінде шаралар қабылдансын;

4.3.3 EVA-ның оң серпіні мен Компания құнының өсімі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 102 шешіміен бекітілген Компаниялар құнын бағалау әдістемесі бойынша қамтамасыз етілсін.

5. Компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру туралы ақпарат назарға алынды.

6. Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері туралы және мотивациялық ҚНК-ға қол жеткізу туралы ақпарат назарға алынды, сонымен қатар Компанияның Директорлар кеңесіне Компания Басқарма мүшелерінің 2014 жылға арналған стратегиялық және мотивациялық ҚНК-ға қол жеткізу жөнінде шаралар қолдану тапсырылды.

7. Компания Басқармасына Компанияның қоса берілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде қор нарығына шығуы жөніндегі жұмысын қайта бастау тапсырылды.