2014 жылғы 29 сәуірдегі №20/14 хаттамадан көшірме (қаржылық есептеме)

Қазақ
2014 жылғы 29 сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының сырттай отырысы болып өтті (№ 20/14 хаттама), онда мынадай шешімдер қабылданды:
1. «KEGOC» АҚ-ның қоса тіркелген 2013 жылғы жылдық қаржылық есептемесі бекітілсін.
2. «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылғы қызмет қорытындылары бойынша таза табысының жоқтығына байланысты «KEGOC» АҚ-ның 2013 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
3. Жалғыз акционердің 2013 жылы «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне қатысты өтніштерінің жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабының 5-тармағына сәйкес, осы шешім «KEGOC» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.