«KEGOC» АҚ Басқармасының құрамы

Қазақ

«KEGOC» АҚ Басқармасының 2019 жылғы қызметі туралы есебі 

2019 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 31 отырысы өткізілді, ол жерде 239 мәселе қаралды. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне қатысты және Басқарма алдын ала қараған мәселелерден басқа, Басқарма кейбір негізгі шешімдерді қабылдады: 

- Компанияның 53 ішкі құжаты бекітілді және 3 ішкі құжатына өзгеріс енгізілді; 

- Тәуекелдер жөніндегі комитеттің қызметі туралы есеп және Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2018 жылғы қызметін бағалау нәтижелері қаралды, сонымен қатар Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.».

«KEGOC» АҚ Басқармасының құрамы:

«KEGOC» АҚ Басқармасының мүшелері:

  • Жазықбаев Б.М. -  Өндіріс жөніндегі басқарушы директор
  • Ботабеков А.Т. - Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор 
  • Сафуани Т.Е. Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор 
  • Нұрмағанбетов Ж.Д. - «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры

 

«KEGOC» АҚ Басқармасының қызметі туралы 2018 жылғы есеп

2018 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 29 отырысы өтті, ол жерде 243 мәселе қаралды, соның ішінде:

- Компания қызметін ұйымдастыру мақсатында әзірленген ішкі құжаттарға өзгерістер бекітілді және енгізілді;

- Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері;

- мәмілелер жасау жөніндегі шешімдер;

- Тәуекелдер жөніндегі комитет қызметінің мәселелері;

- персоналды басқару мәселелері;

- басқалар. 

 

Алқалы шешімдерді алдын ала қарау, қабылдау және жетекшілік ететін мәселелері бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасына ұсынымдарды дайындау мақсатында, Компанияда мынадай консультативтік-кеңесу органдары құрылды: 

Инвестициялық комитет,

Тәуекелдер жөніндегі комитет,

Бюджет комитеті,

Кадрлық даму жөніндегі комитет 

Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет,

Тауарлық-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.