Басқарма мүшелеріне сыйақы беру туралы

Қазақ

«KEGOC» АҚ-ның басқарма басшыларына сыйақы беру туралы Басқарма ережесінде бекітілген, және де әкімшілік-басқаруға  төлем ақы мен сыйақы беру ережесі де бар.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жанындағы тиісті Комитеттің шешімі бойынша лауазымдық айлықақының мөлшерін және Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру шарттарын анықтайды.

Басқарма мүшелеріне сыйлықақы төлеу тәртібі Директорлар кеңесі бекіткен Дербес бастапқы қызмен көрсеткіштерін есепке алумен жыл қорытындылары бойынша "KEGOC" АҚ басқарушы персоналына сыйақы төлеу ережелерімен тәртіптеледі

Төрағаның және Басқарма мүшелерінің сыйақыларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жалғыз акционердің пікірін есепке алумен Сыйақы жөніндегі комитеттің ұсынысы бойынша Директорлар кеңесі анықтайды.

Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшерін анықтау схемасы мыенадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

сыйақы тұрақты және айнымалы бөліктерден тұрады;

сыйақының айнымалы бөлігі Басқарма мүшелерінің бастапқы жұмыс көрсеткіштеріне байланысты, олардың біліктілік деңгейі мен Қоғам қызметінің нәтижелеріндегі қосқан үлестеріне қиыстырылған, Басқарма мүшелерін жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізуге ынталандыруға бағытталған.

Әлеуметтік қолдау, кепілдеме және Басқарма мүшелеріне өтемақы төлеу заңнамаға, Қоғамның ішкі құжаттарына және еңбек шарттарына сәйкес сәйкес жүзеге асырылады.