ҚАЖИЕВ БАҚЫТЖАН ТӨЛЕУҚАЖЫҰЛЫ

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

Туған жылы: 16.07.1964 ж., Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі: энергетик, экономист 

«KEGOC» АҚ акцияларын иеленбеген

1986 жылы «Электр желілері және жүйелері» мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын, 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады. «Алматы Менеджмент Университеті» АҚ, «Іскери әкімшілік ету докторы» дәрежесі 2018ж.

Еңбек қызметі:

1986-1988 жж. – «Қазэлектрострой» Покровский ҚМБ трестінің электромонтаждаушысы 

1989-1993 жж. – «Қазэлектрострой» Покровский ҚМБ трестінің электр жеткізу желілерін салу шебері, өндірісті дайындау тобының бастығы, бас инженер.

1993-2000 жж. - «Аманат» АҚ бас инженері

«KEGOC» АҚ:

2000-2003 жж. – пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бастығы, Пайдалану департаменті директорының орынбасары

2003-2004 жж. - Пайдалану департаментінің директоры

2004-2007 жж. - «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры

2007-2008 жж. – Күрделі құрылыс департаментінің директоры 

2008-2009 жж. - Атқарушы директор

2009-2011 жж. - Вице-президент

2011 жылғы 31 мамырдан – Басқарма төрағасы

Марапаттары және атақтары: 

•«KEGOC» ААҚ құрмет грамотасы (2001 ж.);

•ҚР Энергетика және министрлігінің құрмет грамотасы (2003 ж.);

•«ТМД электр энергетикалық кеңесінің» құрмет грамотасы (2004 ж., 2009 ж., 2016 ж.);

•Сайлау өткізгенде кандидатурасын қолдағаны үшін берілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты (2005 ж.); 

•«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» ескерткіш белгісі (2005 ж.);

•«ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы (2006 ж.);

•Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасы (2009 ж.);

•«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы (2009 ж.);

•Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені (2010 ж.);

•Астана қаласында ЕҚЫҰ саммитін өткізуді ұйымдастыруға қатысқандығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты (2010 ж.);

•«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж.);

•«Қазақстан Республикасындағы инженерлік істің дамуына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2011 ж.);

•«KAZENERGY» медалі (2012 ж.);

•«Теңгеге 20 жыл» мерекелік медалі (2013 ж.);

•Қазақстан Республикасының «Парасат» ордені (2015 ж.);

•«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.);

•«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі (2016 ж.).

•Алматы энергетика және байланыс университетінің құрметті профессоры (2018ж.).