Қуанышбаев Әскербек Досайұлы

Қазақ

 

«KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры

Туған жылы: 20.02.1955ж., Қазақстан Республикасының азаматы 

Білімі: энергетик. Экономика ғылымдарының кандидаты, экономика доценті

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ даму стратегиясы, ҰЭТ-ты дамыту, техникалық саясат, Компанияның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын, ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметті дамыту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады.

«KEGOC» АҚ акцияларын иеленбеген 

1977ж.  Алматы энергетика институтын «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша аяқтады

1977 – 1978жж.  Қызылорда силикаттық-қабырғалық бұйымдар зауыты электр цехының электригі, шебері 

1978 – 1981жж.  Алматы энергетика институтының инженері, ҒЗБ кіші ғылыми қызметкері  

1981 – 1983жж. Ленинград политехникалық институтының тағылымгер-зерттеушісі

1983 – 1983жж. Алматы энергетика институтының экономика және энергетиканы ұйымдастыру кафедрасының аға зертханашысы, ҒЗК инженері, 

1983 – 1986жж.  С.Орджоникидзе атындағы Москва Басқару институтының аспиранты

1987 – 1992жж. Алматы энергетика институтының ассистенті, оқытушысы, доценті, деканның орынбасары

1992 – 1998жж. «Искер» ЖШС директорының орынбасары, директоры

1998 – 2001жж. «Уста» ЖШС директоры 

2001 – 2007жж. «KEGOC» АҚ Жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры, Экономика жөніндегі басқарушы директоры 

2007 – 2008жж. «Самұрық» Холдингі» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры

«KEGOC» АҚ:

2009 – 2010жж.  «Алматы ЖЭТ» филиалының директоры 

2010 – 2011жж. Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаменттің директоры 

2011 – 2015жж. ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі басқарушы директор, ҰЭТ-ты дамыту және жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы  директор 

2015 – 2017жж. Басқарма төрағасының ҰЭТ-ты дамыту және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары

2017 – 2018жж. Технологиялық даму жөніндегі басқарушы директор

2018ж. сәуірден бастап Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор 

Марапаттары және атақтары: 

• «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005ж.);  

• Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігінің  құрмет грамотасы (2005ж.);

• ТМД ЭЭК құрмет грамотасы (2005);

• «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008);

• «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы (2010);

• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж.);

• Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды (2012ж.);

• «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы (2013ж.);

• Қазақстан Республикасы  Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрмет грамотасы (2015ж.);

• «KAZENERGY» медалі (2015ж.);

• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016ж.);

• «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі (2017ж.).