2018 жылғы 2 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырыс өткізілді

Қазақ

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.  Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры-Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.  Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.  Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.  Доминик Фаш – София-Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.  Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.

6.  Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

7.  Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 2 қарашадағы отырысында 8 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпаратты жіберіп отырмыз.

 

1. Директорлар кеңесі шешім қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жататын мәселелер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:  

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2017 жылғы 16 маусымдағы № 5 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесіне өзгерістер енгізілсін:

      «33. Комплаенс-офицердің және Омбудсменнің қызметақы мөлшерін белгілеу.  

      34. Комплаенс-офицерге және Омбудсменге сыйақы беру туралы шешім қабылдау.

      35. Комплаенс-офицер (Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитетінің ұсынымы бойынша) және Омбудсмен (Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің ұсынымы бойынша) үшін қызметтің негізгі көрсеткіштерін және олардың нысаналы мәндерін бекіту.»

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.«KEGOC» АҚ Омбудсменін тағайындау және оның қызметақы мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады: 

1.Рахимов Ришат Ахметұлы2018 жылғы 15 қарашадан бастап 2020 жылғы 14 қарашаны қоса алған аралықта «KEGOC» АҚ Омбудсмені лауазымына тағайындалсын.

2.«KEGOC» АҚ Омбудсмені Р.А. Рахимовтың өкілеттік мерзімі 2 (екі) жыл болып белгіленсін.

3.«KEGOC» АҚ Омбудсмені Р.А. Рахимовқа «KEGOC» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 28 ақпандағы шешімімен (№ 4 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ әкімшілік және басқарушы қызметкерлерінің (басқарушы қызметкерлерден, Ішкі аудит қызметі қызметкерлері мен Корпоративтік хатшыдан басқа) қызметақылары схемасына сәйкес қызметақы белгіленсін.  

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.