2018 жылғы 23 шілдеде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті

Қазақ

Ұсынылған бюллетеньдерге сәйкес, күн тәртібінің «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыру туралы» мәселесі бойынша Директорлар кеңесі мынандай шешімдер қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2018 жылғы «24» тамыз 11 сағ 30 минутта Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғ., 59 ғимарат мекенжайы бойынша шақырылсын. 

2.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2018 жылғы «24» қыркүйек 11 сағ 30 минутқа, осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін тағайындау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттік мерзімін, сыйақы төлеу және шығындарын өтеу мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы» мәселе енгізілсін. 

4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге сәйкес тиісті шаралар қолдансын. 

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.