2018 жылғы 24 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

Қазақ

2018 жылғы 24 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 

3.Доминик Фаш – София-Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

4.Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.

5.Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

6.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің төрғасы Тағашев И.Е. еңбек демалысында.

2018 жылғы 24 тамызда өткізілген Директорлар кеңесінің отырысында 27 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер жөніндегі ақпаратты жіберіп отырмыз.    

1.«KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы 

Директорлаар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін. 

2. Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен (№ 2 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясының күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқармасына «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясының іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылсын.   

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.2018 жылғы екінші тоқсанда жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі 2018 жылғы екінші тоқсанда жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жөніндегі есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.     

«ЖАҚ»- алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.СТ KEGOC 00-206-18-СД «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері ретінде тарту саясаты ұйым стандартын бекіту туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. СТ KEGOC 00-206-18-СД «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері ретінде тарту саясаты ұйым стандарты бекітілсін.   

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 5 шілдедегі (№ 3 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде тарту саясатының күші жойылды деп танылсын.    

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.2018 жылғы жарты жылдықтағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі 2018 жылғы жарты жылдықтағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы жөніндегі есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.   

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.Ішкі аудит қызметінің аға аудиторы М.Ж.Таубаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы    

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Ішкі аудит қызметінің аға аудиторы М.Ж.Таубаевтың өкілеттігі 2018 жылғы 9 тамыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.  

2. Басқарма төрағасы аталған шешімнен туындайтын қажетті шраларды қабылдасын.  

«ЖАҚ»- алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

6.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Аудит жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын:

1) Құдабаев Е.А. – Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы;

2) Доминик Фаш– Комитет мүшесі;

2) Януш Биалек–  Комитет мүшесі;

3) Сатжан С. – сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

2. Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын:    

1) Януш Биалек – Комитет төрағасы;

2) Құдабаев Е.А. – Комитет мүшесі;

3) Егімбаева Ж.Д.– Комитет мүшесі;

4) Каримов Д.С.– сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

3. Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын:

1) Януш Биалек– Комитет төрағасы;

2) Доминик Фаш– Комитет мүшесі;

3) Тиесов С.А.– Комитет мүшесі;

4) Каримов Д.С.– сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

4. Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын: 

1) Доминик Фаш– Комитет төрағасы;

2) Егімбаева Ж.Д.– Комитет мүшесі;

3) Тиесов С.А.– Комитет мүшесі;

4) Каримов Д.С. – сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

5. Директорлар кеңесі комитеттерінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімдері тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімдері біткенге дейін деп белгіленсін.  

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

7.«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) Ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізу және штаттық санын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.Бекітілсін:

- Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген Атқарушы дирекцияның Ұйымдық құрылымына өзгерістер;

- «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің 382 штаттық бірлік көлеміндегі жалпы саны.

2. «KEGOC» АҚ Орталық аппаратының Ұйымдық құрылымын және қызметкерлерінің штаттық санын бекіту туралы» мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы шешімінің (№ 3 хаттама) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.   

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қолдансын.    

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.