2018 жылғы 27 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді.

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.Тагашев Ибрагим Есенжанұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының директоры, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2.Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Доминик Фаш – София-Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Тәуелсіз директор Януш Биалек бейнеконференция сеансы режимінде техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы жазбаша хабарлама (пікірін) жібере отырып, Директорлар кеңесінің отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға және солар бойынша дауыс беруге қатысты.  

Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 27 сәуірде өткізілген отырысында 2 мәселе қаралды.    

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған, акционерлер мен инвесторлардың назарларына жеткізілуі тиіс шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мәселе бойынша ақпаратты жібереміз.    

1.«KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы 

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.Рамазанов Ертай Бауыржанұлы 2018 жылғы 27 сәуірден бастап 2021 жылғы 27 сәуір аралығындағы кезеңге «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы етіп тағайындалсын. 

2.Корпоративтік хатшы Е.Б.Рамазановтың қызметақысы белгіленген грейдке және қызметақылар схемасына сәйкес белгіленсін.  

3.Корпоративтік хатшының 2018 жылғы мақсат картасы бекітілсін.

 «ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.Аудит жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын:

1)Доминик Фаш - Комитет мүшесі;

2)Януш Биалек - Комитет мүшесі.

2.Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын:

1)Януш Биалек - Комитет төрағасы;

2)Доминик Фаш - Комитет мүшесі

3)Егімбаева Ж.Д. - Комитет мүшесі. 

3.Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын:

1)Януш Биалек - Комитет төрғасы;

2)Доминик Фаш - Комитет мүшесі;

3)Тиесов С.А. - Комитет мүшесі.

4.Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің мына мүшелері тағайындалсын: 

1)Доминик Фаш - Комитеттің төрғасы;

2)Егімбаева Ж.Д. - Комитет мүшесі;

3)Тиесов С.А. - Комитет мүшесі. 

 

5.Директорлар кеңесі комитеттерінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейін етіп белгіленсін.     

  «ЖАҚ» - алты;

 «ҚАРСЫ» - жоқ;

 «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.