2018 жылғы 28 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

Қазақ

2018 жылғы 28 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Доминик Фаш – София-Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

4.Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі диреторы, тәуелсіз директор.

5.Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

6.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің төрағасы Тағашев И.Е. 2018 жылғы 27 тамыздан бастап өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқатты.  

Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі отырысында 10 мәселе қаралды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шемімімен (№6 хаттама) бекітілген, акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпараатты жіберіп отырмыз.   

1.«KEGOC» АҚ 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есепетемесін алдын ала бекіту, жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және  бір жай акцияға есептегенде дивидендтер мөлшері туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есепетемесі алдын ала бекітілсін. 

2.«KEGOC» АҚ 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есептемесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының түпкілікті бекітуіне жіберілсін.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы таза табыстың 20 937 688 063,30 теңге (жиырма миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион алты жүз сексен сегіз мың алпыс үш теңге 30 тиын) теңге мөлшеріндегі 80,0006390949591%-ын Қоғам акцияларының барлық ұстаушыларына бөлуге ұсыныс жасалады, бұл бір жай акцияға есептегенде 80,53 (сексен теңге 53 тиын) теңгені құрайды.   

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» мәселе бойынша Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы күндізгі дауыс беруді қолдана отырып, Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2018 жылғы 2 қарашаға 11 сағат 30 минутқа шақырылсын.

2.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» мәселе бойынша Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысы Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2018 жылғы 30 қарашаға 16 сағат 30 минутқа белгіленсін (Акционерлердің жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда).

3.«2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы аралық қаржылық есептемені бекіту, таза кірісті бөлу, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу, бір жай акцияға есептегенде дивидендтер мөлшері туралы» мәселе бойынша Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы аралас дауыс беруді қолдана отырып, Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2018 жылғы 30 қарашаға 11 сағат 30 минутқа шақырылсын.

4.2018 жылғы бірінші жарты жылдыққа дивидендтер төлеу мәселесі бойынша Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысы өткізілетін күн Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2018 жылғы 7 желтоқсанға 11 сағат 30 минутқа белгіленсін (Акционерлердің жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда). 

5.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.  

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.«KEGOC» АҚ 2018 – 2022 жылдарға арналған ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бағдарламасын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ 2018 – 2022 жылдарға арналған ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бағдарламасы бекітілсін және  Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2018 – 2022 жылдарға арналған ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды іске асыруға жұмсалатын шығындарды көздейтін Даму жоспарының (Бизнес-Жоспар) бекіткен соң қолданысқа енгізілсін. 

2.Басқармаға кемшіліктерді анықтау, сонымен қатар болуы мүмкін күрделі жағдайлар талдауы, күрделі жағдайлардың болу тәуекелін есепке алу мен азайту негізінде саралау бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу тапсырылсын.    

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы. 

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерісті бекіту жөнінде шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесін өзгерту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесі бекітілсін. 

2.Директорлар кеңесінің 12.11.2012ж. шешімімен (№ 7 хаттама) бекітілген Ішкі аудит қызметінің штаттық кестесінің күші жойылды деп танылсын.

3.Басқарма төрағасы осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

6.Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесі аудиті бөлімінің аға аудиторын тағайындау және оның қызметақысын белгілеу туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесі аудиті бөлімінің аға аудиторы лауазымына Амерханов Ермек Маукенұлы тағайындалсын. 

2.«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесі аудиті бөлімінің аға аудиторы Ермек Маукенұлы Амерхановқа 483 000 (төрт жүз сексен үш мың) теңге мөлшерінде қызметақы бекітілсін. 

3.Басқарма төрағасы аталған шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды қолдансын.    

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.