2018 жылғы 30 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өткізілді

Қазақ

«KEGOC» АҚ отырысына қатысқандар:

1.  Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Управляющий директор-«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры-Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.  Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.  Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.  Доминик Фаш – София-Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.  Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер бойынша директоры, тәуелсіз директор.

6.  Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

7.  Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 қарашадағы отырысында 20 мәселе қаралды. 

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпаратты жіберіп отырмыз. 

 

1.  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Мінез-құлық кодексін (іскери этика) бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады: 

1.«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Мінез-құлық кодексі (іскери этика) бекітілсін.   

2.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2008 жылғы 29 мамырда (№ 5 хаттама) бекіткен «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Іскери этика кодексінің күші жойылды деп танылсын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.  «KEGOC» АҚ 2018 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы және сол кезеңдегі жай-күй бойынша аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2018 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы және сол кезеңдегі жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.    

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3.  2018 жылғы үшінші тоқсанда жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі 2018 жылғы үшінші тоқсанда жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4.  2018 жылғы тоғыз айдың қорытындылары бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.  2018 жылғы тоғыз айдың қорытындылары бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есеп назарға алынсын. 

2. «KEGOC» АҚ Басқармасына «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасын іске асыру бойынша барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауға тапсырма берілсін.    

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесініңАудит жөніндегі комитеті туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады: 

1.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 29.12.2010ж. (№ 9 хаттама), 28.03.2013ж. (№3 хаттама), 16.06.2017ж. (№5 хаттама) шешімдерімен бекітілген өзгерістерді есепке ала отырып, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 20.10.2009ж. шешімімен (№ 10 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереженің күші жойылды деп танылсын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

6.  «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды алдын ала қарау туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығару жөнінде шешім қабылдады.     

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

7.  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады: 

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2019 жылғы 8 қаңтарда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша шақырылсын: Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғ., 59-ғимарат, акт залы.

2.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысы өткізілетін күн («KEGOC» АҚ Акционерлерінің бірінші жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2019 жылғы 25 қаңтарда 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.                           

3.«KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілсін.

4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиев осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.   

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.