2019 жылғы 25 қазанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

        1. Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Доминик Фаш - Технопарк София-Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

4.Януш Биалек - «Сколтех» Зерттеу орталығынының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.

Директорлар кеңесінің төрағасыСәтқалиев А.М. және Басқарма төрағасы Қажиев Б.Т іссапарда жүр және осы отырыстың күн тәртібі мәселелері бойынша дауыс беруге жазбаша пікір ұсыну арқылы қатысады, тәуелсіз директор Құдабаев Е.А. уақытша жұмысқа жарамсыздығы себебпті қатыспайды.

 Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы отырысында 8 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпараттар жібереміз.

          1.   «KEGOC» АҚ екінші Облигациялық бағдарламасын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ екінші Облигациялық бағдарламасы 80 000 000 000 (сексен миллиард) көлемінде екінші Облигациялық бағдарламасының аңдатпасына сай бекітілсін.

2.Осы шешім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, «Самұрық-Қазына»  АҚ және Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің оң келісімін алған соң күшіне енеді.

3. Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.  «Олар бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайтын және  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын  мәселелер тізбесі жаңа редакцияда бекіту туралы».

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.Олар бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайтын және  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын  мәселелер тізбесі жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 маусымдағы шешімімен (№ 5 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесінің күші жойылды деп танылсын.

3.Осы шешімнің 1 және 2-тармақтары «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2019 жылғы 25 қазандағы шешімімен бекітілген (№ 14 хаттама) «KEGOC» АҚ Жарғысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.