2019 жылғы 28 ақпанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Доминик Фаш- Технопарк София-Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығынының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор

6.Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

2019 жылғы 28 ақпандағы Директорлар кеңесінің отырысында 15 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, ол туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, мына мәселелер бойынша ақпараттар жібереміз.  

1.«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ қайта құру» жобасының параметрлерін және тиімділік көрсеткіштерін бекіту және «Анықтау» мен «Іске асыру» кезеңдеріне ауысу туралы шешімді қабылдау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ қайта құру» жобасының параметрлері мен тиімділік көрсеткіштері бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ қайта құру» жобасының «Анықтау» мен «Іске асыру» кезеңдеріне ауысуын бекіту.

3.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) Жобаны бұдан әрі бекітілген параметрлер мен тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағы электр торабын күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының параметрлерін және тиімділік көрсеткіштерін бекіту және «Анықтау» мен «Іске асыру» кезеңдеріне ауысу туралы шешімді қабылдау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағы электр торабын күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының параметрлері және тиімділік көрсеткіштері Жоба ТЭН-іне берген «Мемсараптама» РММ қорытындысына сәйкес бекітілсін. 

2.«Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағы электр торабын күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының «Анықтау» кезеңіне ауысуы бекітілсін.

3.«Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағы электр торабын күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының «Іске асыру» кезеңіне ауысуы, егер  «Анықтау» кезеңінің қорытындысы бойынша жобаның жиынтық құны (ЖСҚ) жобаның құнынан Жоба ТЭН-іне берген «Мемсараптама» РММ қорытындысына сай артпаған жағдайда, бекітілсін.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - бір.

3.Олар бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайтын және  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын  мәселелер тізбесіне және «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

Мына құжаттарға өзгерістер енгізілсін:

1)Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 маусымдағы (№ 5 хаттама) шешімімен бекітілген, Олар бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайтын және  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын  мәселелер тізбесінің 31 және 33-тармақтары мына редакцияда жазылсын:

«31.Комплаенс-офицерді тағайындау, өкілеттік мерзімін белгілеу және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату.»;

«33.Комплаенс-офицер мен Омбудсменнің еңбекақысын және сыйақысын төлеу шарттарын, қызметақыларының схемасын бекіту, сонымен қатар қызметақы мөлшерін белгілеуді бекіту»;

2)«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен (№ 8 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері туралы ереженің 3-тармағы мына редакцияда жазылсын:

«3.Комплаенс-офицер «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалады және лауазымынан мерзімінен бұрын босатылады.

Комплаенс-офицер 2 (екі) жылдан артық емес мерзімге тағайындалады».

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» -  жоқ.

4.Жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы 2018 жылғы төртінші тоқсандағы есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.Жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы 2018 жылғы төртінші тоқсандағы есеп назарға алынсын.

2.«KEGOC» АҚ Басқармасы CIO/CFO есебі шеңберінде жасалған ірі мәмілелер және жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы ақпаратты Директорлар кеңесінің әрбір отырысында ұсынсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.«Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарына өтініштері және оларды қараудың қорытындылары туралы» мәселені алдын ала қарау туралы.

1.Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарына өтініштерінің жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын. 

2.Аталған мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына енгізілсін.  

3.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.