2019 жылғы 29 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар: 

1.Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры – Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы;

2.Тиесов Сүиншілік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

3.

Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

4.Доминик Фаш – Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;

5.Януш Биалек - «Сколтеха» зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор;

6.Құдабаев Ермек Әскербекұлы - «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, тәуелсіз директор;

7.

Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы– «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 2019 жылғы 29 наурызда Директорлар кеңесінің отырысында 11 мәселе қарастырылды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№6 хаттама) шешімімен бекітілген, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша Мәселелер тізіміне сәйкес, мына мәселелер бойынша ақпарат ұсынамыз.

 1.2018 жыл бойынша жылдық қаржы есептемесін алдын ала бекіту, таза кірісті үлестіру тәртібі туралы ұсыныс, «KEGOC» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденттер төлеу және бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденттер көлемі туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ-ның 2018 жылғы қаржыесептемесі алдын ала бекітілсін.

2.Белгіленген тәртіпте «KEGOC» АҚ-ның 2018 жылғы қаржыесептемесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына бекітуге жіберілсін.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 14 177 724 203,30 (он төрт миллиард жүз жетпіс жеті миллион жеті жүз жиырма төрт мың екі жүз үш теңге отыз тиын) көлеміндегі 2018 жылғы  бірінші жарты жылдық нәтижелері бойынша төленген дивиденттерді шегеріп, таза кірістің 87,6945330888454%-ын, бұл бір қарапайым акцияға шаққанда 54,53 теңгені (елу төрт теңге елу үш тиын) құрайды,  «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларын ұстаушыларға үлестіруді  және «KEGOC» АҚ-да 2 800 560 801  (екі миллиард сегіз жүз миллион бес жүз алпыс мың сегіз жүз бір) теңге көлеміндегі «Самұрық-Қазына» АҚ-ға төленуі тиіс дивиденттер сомасын қалдыру ұсынылсын. 

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені шығару туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені шығару туралы шешім қабылдады. 

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - бір. 

3.

2018 жылғы 4-тоқсан бойынша Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша есепті қарастыру туралы.

Директорлар кеңесі 2018 жылғы 4-тоқсан бойынша Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша есепті ескеру туралы шешім қабылдады. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымға қатысты ұсыныс беру және қаржы есептемесінің аудиті үшін аудиторлық ұйым қызметіне төленетін ақы көлемін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2019 жыл бойынша «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС-ны бекіту ұсынылсын.

2.Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген аудиторлық ұйымның 2019 жыл бойынша «KEGOC» АҚ  қаржы есептемесінің аудиті қызметтерінің ақысы ҚҚС-ны есепке алмағанда 39 654 480 (отыз тоғыз миллион алты жүз елу төрт мың төрт жүз сексен) теңге көлемінде белгіленсін. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы.

1.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2019 жылғы «3» мамырда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша шақырылсын: Нұр-сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.

2.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық қайталама жалпы жиналысының («KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) өткізілетін күні осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2019 жылғы «30» мамыр 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

           3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

-2018 жыл бойынша жылдық қаржылық есептемені, таза кірісті үлестіру тәртібін бекіту, «KEGOC» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденттер төлеу және бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденттер мөлшерін бекіту туралы;

-акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне өтініш жасаулары және оларды қарастыру қорытындылары туралы;

-«KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу туралы;

-«KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

       4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қолдансын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.