2019 жылғы 3 мамырда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2. Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Доминик Фаш- Технопарк София-Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығынының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.

6.Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы. 

Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 3 мамырдағы отырысында 14 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпараттар жібереміз. 

1.«KEGOC» АҚ 2018 жылғы Жылдық есебін бекіту туралы.

 Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ 2018 жылғы Жылдық есебі бекітілсін.

2.Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.