2019 жылғы 7 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры-Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.
2. Тиесов Суйншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
3. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
4. Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.
5. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Тәуелсіз директорлар Доминик Фаш пен Құдабаев Е.А. бейнеконференция сеансы режимінде техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып, күн тәртібінің мәселелері бойынша жазбаша хабарлама (пікір) жібере отырып, Директорлар кеңесінің отырысында қаралатын мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатысты. 

2019 жылғы 7 маусымдағы Директорлар кеңесінің отырысында 9 мәселе қаралды.
Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мәселе бойынша ақпаратты жіберіп отырмыз.

1. «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы туралы 2018 жылғы есепті қарау туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы туралы 2018 жылғы есепті назарға алды.  
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «KEGOC» АҚ 2018 жылғы Тұрақты даму туралы есебін бекіту туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. «KEGOC» АҚ 2018 жылғы Тұрақты даму туралы есебі бекітілсін.
2. «KEGOC» АҚ Басқармасына алдағы уақытта келесі есептік кезеңге Тұрақты даму туралы есеп дайындаған кезде Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау комитеті мен Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару комитетінің ұсынымдарын ескеруді, сонымен қатар оны оңтайландыру, көркемірек, ақпаратты етіп, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі деректерден тұратындай етіп дайындау тапсырылсын.   
3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3. «KEGOC» АҚ 2019 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айға және сол кезеңдегі жай-күй бойынша аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2019 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айға және сол кезеңдегі жай-күй бойынша аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.   
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4. Директорлар кеңесі шешім қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесіне өзгеріс енгізу туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 маусыдағы шешімімен (№5 хаттама) бекітілген Директорлар кеңесі шешім қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесінен 19-тармақты алып тастау туралы шешім қабылдады.  
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.