2020 жылғы 14 ақпанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты: 

1.Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – Басқарушы директор.

2.Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Януш Биалек – Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) және «Сколтех» Сколко ғылым және технологиялар институтының (Ресей) профессоры, тәуелсіз директор.

5.Доминик Фаш – Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Тәуелсіз директор Е.А.Құдабаев 2020 жылғы 27 қаңтарда уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Директорлар кеңесінің мүшесі Доминик Фаш осы отырысқа техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференция режимінде), қатысады. 

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 ақпандағы отырысында олар туралы ақпарат Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізіміне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 мәселе қарастырылды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.«KEGOC» АҚ Басқармасының сандық құрамын, уәкілеттік мерзімін белгілеу, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелерін тағайындау және олардың лауазымдық қызметақыларын белгілеу туралы. 

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Басқармасының сандық құрамы 5 (бес) адам болып белгіленсін. 

2.2020 жылғы 24 ақпаннан бастап «KEGOC» АҚ Басқармасының мүшелері мына құрамда тағайындалсын:

1)Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы;

2)Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Ботабеков Айбек Төлеубекұлы;

3)Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор 

Сафуани Төлеген Есенқұлұлы;

4)Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы;

3.«KEGOC» АҚ Басқармасының уәкілеттік мерзімі 2021 жылғы 24 ақпанға дейін белгіленсін.

4.Осы шешімнің 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың лауазымдық қызметақылары «KEGOC» АҚ Басқарушы қызметкерлерінің лауазымдық қызметақыларының схемасына сәйкес белгіленсін. 

5.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) белгіленген тәртіпте осы шешімнен шығатын қажетті шараларды қабылдасын. 

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.«KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегіндегі облигациялардың бірінші шығарылымы туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады: 

1.«KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегіндегі облигациялардың бірінші шығарылымының шарттары белгіленсін. 

2.«KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегіндегі облигациялардың бірінші шығарылымы 35 000 000 (отыз бес миллион) дана көлемінде, жалпы көлемі 35 000 000 000 (отыз бес миллиард) теңге, номиналды құны бір облигация үшін 1 000 (бір мың) теңгеден сатып алынсын.  

3.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) белгіленген тәртіпте осы шешімнен шығатын қажетті шараларды қабылдасын. 

«ЖАҚ» - бес;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - бір.

3.2019 жылғы 4-ші тоқсанда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша есепті қарастыру туралы.

1.2019 жылғы 4-ші тоқсанда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша есеп ескерілсін.

2.«KEGOC» АҚ Басқармасына БЕЖ жүйесіне деректерді дұрыс енгізуді қамтамасыз ету, БЕЖ-ге есептерді толтырған жағдайда ақпараттың дұрыстығы үшін жауапты орындаушыларды белгілеу және БЕЖ есептерін толтыру бойынша жауапты орындаушылар туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-ны ресми түрде ақпараттандыру тапсырылсын.

3.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімнің 2-тармағының орындалуын бақылауға алсын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4. 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметі туралы есепті қарастыру туралы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есептері мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Жылдық есебінің құрамына енгізу үшін жіберілсін. 

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау), сонымен қатар «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының уәкілеттік мерзімін белгілеу туралы» және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының лауазымдық қызметақысының көлемін белгілеу туралы» мәселелерді шығару туралы. 

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау), сонымен қатар «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының уәкілеттік мерзімін белгілеу туралы» мәселені шығару туралы шешім қабылдады. 

«ЖАҚ» - бес;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.