2020 жылғы 17 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

2020 жылғы 17 қаңтарда  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Януш Биалек - «Сколтеха» Зерттеу орталығынының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директора/

5.Доминик Фаш - Технопарк София-Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

6.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Тәуелсіз директор Құдабаев Е.А. еңбекке уақытша жарамсыздығы себебі бойынша қатыспады. Директорлар кеңесінің мүшесі Доминик Фаш осы отырысқа байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде) қатысты. 

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 мәселе қарастырылды, мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз. 

1. 

 «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жылдық жалпы жиналысын шақырту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1)  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы2020 жылғы 21 ақпанда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша шақыртылсын: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.

2) 

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмағанжағдайда) жылдық жалпы жиналысының күні   2020 жылғы 24 ақпанда  11 сағат 30 минутта мекенжай бойынша белгіленсін.

3) 

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1) 

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасын тағайындау (сайлау), сонымен қатар оның өкілеттігін белгілеу туралы»;

2) 

«П KEGOC ИД-215-19-ОСА «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы».

3) 

Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.Мүдделі мәмілелерді жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарына қол қою арқылы жасау туралы.

 Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ белгіленген тәртіпте, жасалуында «КЕGОС» АҚ-ның мүдделілігі бар мәмілелерді мынадай шарттар жасау арқылы жасасын.

1) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы және «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит», ОРУ- 500 кВ «Өлке» ҚС 220 кВ АТҚ-да орнатылған жабдық пен «Өлке-Казхром 1» және «Өлке-Казхром 2» 220 кВ ӘЖ электр жеткізу желілеріне жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы және «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Өлке» ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-да орнатылған жабдық пен 500кВ «Жітіқара-Өлке» электр жеткізу желілеріне жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) «KEGOC» «Сарыбай ЖЭТ» филиалы және «Батыс транзит» АҚ арасында «Жітіқара» ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-да орнатылған жабдық пен 500кВ «Жітіқара-Өлке» электр жеткізу желілеріне жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы және «Теңізшевройл» ЖШС арасында 220кВ «Құлсары» ҚС-да орнатылған «Теңізшевройл» ЖШС жабдығына жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру(2 ұяшық 10 кВ);

5) «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы және «Каспий құбыр консорциумы-К» ЖШС арасында 220 кВ «Атырау»ҚС-да  орнатылған «Каспий құбыр консорциумы-К» ЖШС жабдығына (220 кВ 2 ұяшық) жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

6) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы және                                               «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ арасында 220кВ «Құмкөл» ҚС-да орнатылған «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жабдығына (110 кВ 2 ұяшық және 6 кВ 2 ұяшық) жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

7) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы және «СП Казгермунай» ЖШС арасында 220кВ «Құмкөл» ҚС-да орнатылған «СП Казгермунай» ЖШС жабдығына (6 кВ 2 ұяшық) жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

8) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы және                                           «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС арасында 220кВ «Балқаш» ҚС-да орнатылған «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жабдығына (110кВ 2 ұяшық) жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

9) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы және «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС  арасында 500кВ «Ағадыр» ҚС-да орнатылған «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жабдығына (трансформатор Т-2, 220кВ1 ұяшық, 35 кВ 6 ұяшық, 10 кВ 5 ұяшық) жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

10)    «КЕGОС» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы және «Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорыны «Катко» ЖШС арасында  220кВ «Шолақ-Қорған» ҚС-да орнатылған жабдыққа (110кВ 2 ұяшық) жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

2.Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 3.Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспарын 2020 жылға бекіту туралы.

 Директорлар кеңесі Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспарын 2020 жылға бекіту шешімін қабылдады.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы Ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізу туралы.

 Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 наурызда қабылдаған шешімімен (№ 3 хаттама) бекітілген Атқарушы дирекцияның Ұйымдық құрылымына өзгерістер бекітілсін және 2020 жылғы 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілсін.

2.Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.