2020 жылғы 19 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Қазақ

KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

 

1.Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2.Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.Доминик Фаш - Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.Януш Биалек - Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) және «Сколтех» Сколков ғылым және технологиялар институтының профессоры (Ресей), тәуелсіз директор.

6.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Тәуелсіз директорлар - Доминик Фаш және Януш Биалек осы отырысқа техникалық байланыс құралдарын (бейнеконференция режимінде) қолданып, қатысты.

 

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 19 наурыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 2 мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

 

1.2019 жылғы 31 желтоқсандағы және сол күнмен аяқталған жылдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ жылдық қаржылық  есептілігін алдын ала бекіту, «KEGOC»  АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2019 жылғы «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және  «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденттер көлемін ұсыну туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.2019 жылғы 31 желтоқсандағы және сол күнмен аяқталған жылдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ қоса берілген (шоғырландырылған және жеке) қаржылық  есептілігі алдын ала бекітілсін. 

2.«KEGOC»  АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «2019 жылғы 31 желтоқсандағы және сол күнмен аяқталған жылдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ  қаржылық  есептілігін бекіту туралы» мәселе шығарылсын. 

3.«KEGOC»  АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 12 703 532 084,60 (он екі миллиард жеті жүз үш миллион бес жүз отыз екі мың сексен төрт теңге 60 тиын) теңге көлеміндегі 2019 жылғы таза кірістің 74,0328865203219% (2019 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша төленген дивиденттерді алып тастағанда) барлық «KEGOC»  АҚ жай акцияларын ұстаушыларға бөлу ұсынылсын. Бір жай акцияға есептегенде 48,86 теңгені (қырық сегіз теңге 86 тиын) құрайды. 

4.«KEGOC»  АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын. 

 «ЖАҚ» - бес;

«ҚАРСЫ» - бір;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері мен оларды қарастыру қорытындылары туралы мәселені алдын ала қарастыру туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштерінің жоқ екені туралы ақпарат назарға алынсын.

2.Берілген мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына енгізілсін. 

3.«KEGOC»  АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын. 

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.