Энерготехкәсіподақ

Қазақ

Компанияның серпінді дамуы,  айтарлықтай өндірістік және қаржылық табыстарға қол жеткізу еңбеккерлердің кәсіби бірлестігін құруға мүмкіндік берді.

Энергетика саласы еңбеккерлерінің тәуелсіз, дербес кәсіподақ ұйымы - «Энерготехкәсіподақ» ҚБ  2003 жылы 27 наурызда Алматы қаласында «КЕGОС» АҚ еңбеккерлерінің кәсіподақ конференциясында құрылған болатын. Осы конференцияда «Энерготехкәсіподақ»  ҚБ Жарғысы бекітілді, біріккен комитет сайланды. «Энерготехкәсіподақ» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді.

Осы бірлестік қазіргі заманның талаптарына сүйене отырып, кеңес дәуіріндегі  кәсіподақтардан өзгеше және  компанияның барлық еңбеккерлері арасында қоғамдық сенімге ие болуы тиіс.

Бір топ құрылтай құжаттары, соның ішінде Жарғы әзірленді, онда  жаңа кәсіподақ ұйымының қызметін айқындайтын құқықтар, өкілеттіктер, ұйымдық құрылым мен басқа міндеттері  көрсетілді.

«Энерготехкәсіподақ» ҚБ электр энергетикасы саласында кәсіби тұрғыда  жұмыс істеп жатқан еңбеккерлерді біріктіреді. Ол өндірістік-салалық қағидаттар негізінде құрылды. Бұл ұйым  компания еңбеккерлері үшін ғана емес,  энергетика саласындағы барлық кәсіпорындар, оқу және жобалау институттары, зейнеткерлер мен біздің мердігерлік ұйымдардың еңбеккерлері үшін де ашық.

Қоғамдық бірлестіктің негізгі міндеттерінің бірі  кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу болып табылады. Бірлестік сондай-ақ еңбек ақы төлеу талаптарына, еңбеккерлерді материалдық көтермелеу түрлеріне, тәртіптік жазалау шараларын қолдануға дейінгі еңбек тәртібін сақтауға ықпалын тигізеді. Бірлестіктің қызметі еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауға,  кепілдіктер мен өтемақылардың, жеңілдіктердің және т.б.  сақталуына және оларды іске асыруға бағытталған.

«Энерготехкәсіподақ» — дербес ерікті қоғамдық бірлестік — өз қызметінде тәуелсіз,  мемлекеттік өкімет органдары, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктері, саяси ұйымдар мен Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да қоғамдық бірлестіктер алдында есеп бермейді және бақылауға алынбайды.

«Энерготехкәсіподақ» ҚБ

•«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ еңбеккерлерін, сондай-ақ Қазақстанның энергетика саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбеккерлерін ортақ кәсіби мүдделер негізінде  еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарды, мүдделерді білдіру мен қорғау және еңбек жағдайларын жасау үшін біріктіреді;

•өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдары мен  Жарғыға сәйкес жүзеге асырады;

•басқа кәсіподақтармен, қоғамдық ұйымдармен және  қозғалыстармен ынтымақтастық жасау,  республикалық және халықаралық федерация және кәсіподақ бірлестіктеріне кіру мәселелерін дербес шешеді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Энерготехкәсіподақ» ҚБ-ның негізі болып табылады («KEGOC» АҚ ЖЭТ, ЖО ҰДО филиалдары мен «КЕGОС-Сервис» мекемесінің кәсіподақ ұйымдары).

«Энерготехкәсіподақ» ҚБ  құрылымы бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан, Біріккен кәсіподақ комитетінен тұрады, оған бастауыш ұйымдар мен Біріккен кәсіподақ комитетінің жұмыс органы болып табылатын Президиумнің барлық төрағалары кіреді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Энерготехкәсіподақ» ҚБ филиалдары болып табылады және  бекітілген ережелер негізінде әрекет жасайды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, комитеттерінің айырықша құзыреті  кәсіподақ мүшелерінің жұмыс берушілермен  еңбек шарттарын жасауы кезінде тұрақты кеңестер беруі болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті дамытуға,  демалыстар туралы қағидаларды сақтауға және жеке еңбек дауларын қарауға баса назар аударылуы тиіс. Ұжымдық шартты әзірлеу мен жасау және оның тармақтарының орындалуын бақылау мәселесі үнемі назарда болуы тиіс.

Қызметі

2008 жылғы сәуір айында «Энерготехкәсіподақ» Қазақстан энерготехникалық саласы  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық брілестігінің есеп беру-сайлау кәсіподақ конференциясы өткізілді, соның барысында:

1.«Энерготехкәсіподақ» Қазақстан энерготехникалық саласы  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.М.Стребковтың есебі тыңдалды.

2.«Энерготехкәсіподақ» Қазақстан энерготехникалық саласы  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Біріккен комитетін сайлау өткізілді;

3.«Энерготехкәсіподақ» Қазақстан энерготехникалық саласы  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Орталық тексеру комиссиясын сайлау өткізілді;

4.«Энерготехкәсіподақ» Қазақстан энерготехникалық саласы  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Біріккен комитетінің Президиумын сайлау өткізілді.

5.«KEGOC» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау мәселелері бойынша  еңбеккерлердің өкілін сайлау өткізілді.

6.Қоғамдық бірлестіктің біріккен комитетінің жаңа құрамы сайланды, барлығы — 17 адам: Айбулина Т.Ж. — Ақтөбе ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрайымы, Бутусов Г.М. — Шымкент ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Даниярова Л.А. — Шығыс ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрайымы, Зверев И.Н. — Орталық ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Егінбаев Б.Ж. —  «КЕGОС-Сервис» мекемесінің директоры, Ерекешев Е.А. — Алматы ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ибрагимова В.Э. — Пайдалану департаменті  жөндеу бөлімінің бас маманы, Ибраимжанов Б.А. — Пайдалану департаменті ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бас маманы, Иванова Е.Ш. — Солтүстік ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрайымы, Кезекенева К.Б. — АД Кеңсе бастығы, Ли Т.Г. — Батыс ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Маринина О.Ю. — ЖО ҰДО кәсіподақ комитетінің төрайымы, Радушный В.А. — Сарыбай ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Стребков В.М. — «Энерготехкәсіподақ» ҚБ төрағасы, Хайрутдинова У.З. — «Энергоинформ» мекемесінің бас бухгалтері, Шакенов М.К. — «Энерготехкәсіподақ» ҚБ төрағасының орынбасары, Шаленко Н.А. — Ақмола ЖЭТ кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Төралқа мүшелері болып сайланғандар: Стребков В.М — «Энерготехкәсіподақ» ҚБ төрағасы, Шакенов М. К. — «Энерготехкәсіподақ» ҚБ төрағасының орынбасары, Егінбаев Б. Ж. —  «КЕGОС-Сервис» мекемесінің директоры, Кезекенева К. Б. —  «КЕGОС» АҚ Атқарушы дирекциясы Кеңсесінің бастығы, Шаленко Н.А. — Ақмола ЖЭТ филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы. Конференцияда «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2008–2010 жылдарға арналған ұжымдық шарт» қабылданған болатын. Оны әзірлеуге кәсіподақ мүшелері мен  Компания еңбеккерлері қатысты.

Кәсіподақ мүшелері компания еңбеккерлерін аттестаттауға қатысады.

Кәсіподақ мүшесі болып табылатын еңбеккерлермен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабы, 2-тармағына және «KEGOC» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған ұжымдық шарттың» 18-тармағына сәйкес еңбек шартын бұзу кезінде «Энерготехкәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің дәлелді пікірі ескеріледі.

Осы уақытқа дейін «Энерготехкәсіподақ» белгілі бір жұмыс тәжірибесін жинақтап, Компанияның қоғамдық тіршілігіне белсене араласып келеді. Мәселен, компания еңбеккерлері арасында спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіліп отырады, жыл сайын «Наурыз Мейрамы» қарсаңында ЖЭТ филиалдарының құрама командаларының қатысуымен Энергетиктер Спартакиадасы өткізіледі, сонымен қатар кәсіби мереке - Энергетик күніне орай филиалдар мен Атқарушы дирекцияда спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

«Энерготехкәсіподақ» Компания еңбеккерлері мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру мен демалысына ерекше назар аударады. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын компания еңбеккерлері Қазақстанның шипажайларында санаториялық-курорттық емделу, сондай-ақ әртүрлі демалыс үйлері мен «KEGOC» АҚ-ның Оқу орталығында демалу кезінде жеңілдіктерді пайдаланады. Мәселен, 2009 жылы 500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» ЭЖЖ-ні іске қосуға белсене қатысқан Компания еңбеккерлері Біріккен комитеттің шешімімен Бурабайда орналасқан «Көкшебел» демалыс үйіне тегін жолдамаларды сыйлыққа алды.

Кәсіподақ ұйымдары Компания еңбеккерлерінің балалары үшін жазғы каникул күндерінде демалыс ұйымдастырып, қыста Жаңа жылдық іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды.

Кәсіподақ ұйымдары ардагер энергетиктерге ерекше назар аударады. Қажет кезінде материалдық көмек көрсетеді. Жеңіс күніне, Энергетик күніне, Қарттар күніне орай «KEGOC» АҚ-ның Ардагерлер кеңесіне жәрдемдесіп отырады.

Кәсіподақ ұйымы жыл сайын ұйымдық жағынан нығайып келеді. Қазіргі уақытта кәсіподақ мүшелерінің саны 4000-ға жуықтады. 2008 жылғы мамырдан бастап кәсіподаққа мүше етіп қабылданған еңбеккерлерге мүшелік билеттер беріліп, есепке алу карточкалары толтырылады. Мүшелік кәсіподақ жарналары есебінен оның материалдық  базасы өсуде.

«KEGOC» АҚ басшылығы өз тарапынан Кәсподақ тіршілігінің проблемалары мен мәселелерін шешуге әрқашан түсіністікпен қолдау көрсетіп отырады.

«Энерготехкәсіподақ» ҚБ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен және Қазақстанның көптеген салалық кәсіподақ ұйымдарымен белсенді түрде бірлесе жұмыс атқарып келеді. Мысалы, 2009 жылғы ақпанда «Энерготехкәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің 7 қызметкері ҚР Кәсіподақтар федерациясының Ақпараттық-талдамадық оқу орталығында өткізілген семинарға қатысты. 

«KEGOC» акционерлік қоғамы мен қызметкерлердің өкілдері арасында жасалған 2016-2020  жылдарға арналған ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ