Сафуани Төлеген Есенқұлұлы

Қазақ

 «KEGOC» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры

 Туған күні: 23.03.1979ж., Қазақстан Республикасының азаматы

 Білімі: 

 2000ж. «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік Заң Академиясын тамамдады;

 2013ж. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазақ технология және бизнес   университетін тамамдады;

 2018ж. «Алматы Менеджмент Университеті» БМ тамамдады, іскерлік әкімшілік ету магистрі.

 «KEGOC» АҚ акцияларын иеленбеген.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: Компанияның құқықтық мәселелері, комплаенс қолдау, тәуекел мәдениетін қалыптастыру, экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, кінәрат-қуыным жұмыстары, кредиттік рейтинг және корпоративтік басқару рейтингін алу және ұстап тұру, стратегиялық объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу. 

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі. 

Еңбек қызметі:

2001 – 2001жж. Астана қ., Сарыарқа ауданының ішкі істер басқармасы, тергеу бөлімінің тергеушісі

2002 – 2004жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалы, валюта операцияларын бақылау бөлімінің жетекші маманы – заң кеңесшісі

2004 – 2005жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалы, валюта операцияларын бақылау бөлімінің бас маманы – заң кеңесшісі 

«KEGOC» АҚ:

2005 – 2006жж. Заң департаментінің кінәрат-қуыным жұмыстары жөніндегі жетекші заң кеңесшісі

2006 – 2007жж. «ЖО ҰДО» филиалының бас заң кеңесшісі

2007 – 2007жж. Заң департаментінің кінәрат-қуыным жұмыстары бөлімінің бас заң кеңесшісі

2007 – 2009жж. Заң департаментінің кінәрат-қуыным жұмыстары бөлімінің бастығы

2009 – 2012жж.  Заң департаментінің бас менеджері

2012 – 2017жж. Заң департаментінің директоры

2017ж. маусымнан бастап Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор

Марапаттары:

• «KEGOC» АҚ Алғыс хаты (2008ж.);

• «KEGOC» АҚ Құрмет грамотасы (2009ж.);

• «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасы» Құрмет грамотасы (2013ж.);

• «KAZENERGY» Құрмет грамотасы (2014ж.);

• ТМД Электр энергетикалық кеңесінің құрмет грамотасы (2015ж.);

• «Құрметті энергетик» төсбелгісі (2017ж.);

• «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы (2018ж.).