«KEGOC» АҚ басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының өкілімен кездесті

Қазақ

2021 жылғы 15 қаңтарда «KEGOC» АҚ топ-менеджменті және құрылымдық бөлімше басшылары Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиевамен жұмыс кездесуін өткізді.

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының өкілі іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының негізгі ережелерімен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен» таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша заң шығару жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, Ж. Жылқышиева сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрестің түрлі аспектілеріне қатысты ең өзекті сұрақтарға жауап берді.