«KEGOC» АҚ жалпы көлемі 8,6 млрд. теңге облигацияларды орналастырды

Қазақ

2021 жылғы 27 қаңтарда «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында өтеуге қатысты орташа кірістілігі жылдық 11,6161%-ды құрайты 8,6 млрд. теңге сомасына жалпы көлемі 8,9 млн.дана «KEGOC» АҚ облигациялары сәтті орналастырылды.

Бағалы қағаздар эмитенттің жалпы көлемі 80 млрд теңге болатын екінші облигациялық бағдарламасы облигацияларының бірінші шығарылымы аясында орналастырылды. Өтеу мерзімі 14,3 жыл. Сауда-саттық нәтижесінде тарту көлемі бойынша облигациялардың 22,6%-ын брокерлік-дилерлік ұйымдар, 72,8 %-ын басқа институционалдық инвесторлар, 4,6%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алды.

Тартылған  қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500кВ ӘЖ-лерін реконструкциялау», «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» инвестициялық жобаларын іске асыруға арналған. 

Әуелік электр жеткізу желілерін реконструкциялау электр желілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, электр энергиясын тұтынушылардың шығындарының көлемін оңтайландыруға мүмкіндік береді, «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін арттырады. Бұдан басқа, жаңа электр желілік объектілерді салу есебінен Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі артады.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қосымша жұмыс орындары пайда болатындықтан, жобалардың әлеуметтік маңызы бар. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуының және әл-ауқатының жоғарылауына, бюджетке салықтық төлемдердің  артуына оң ықпал етеді.

Анықтама үшін:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,0 ГВА болатын 80 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.