2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «KEGOC» АҚ-ның реттелетін қызметтеріне белгіленген жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі

Қазақ

26.07.2011

2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «KEGOC» АҚ-ның реттелетін қызметтеріне белгіленген жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің шешіміне сәйкес 2011 жлғы 1 қыркүйектен бастап «KEGOC» АҚ-ның реттелетін қызметтеріне белгіленген жаңа тарифтер қолданысқа енгізілетін болады.

Ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтердің бағасы 0,953 теңге/кВтсағ, электр энергиясын торапқа босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша - 0,118 теңге/кВтсағ мөлшерінде белгіленді.  

Сонымен бірге, электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге белгіленген тариф 0,032 теңге/кВтсағ деңгейінде өзгеріссіз қалады.

«KEGOC» АҚ-ның қызметтеріне белгіленген тарифтердің көтерілуі компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру үшін тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерге қызмет етуге, сондай-ақ электр энергиясы бағасының өсуі есебінен ҰЭТ тораптарындағы электр энергиясының технологиялық шығысын (ысырабын) қарымталау үшін арналған шығындарды арттыру қажеттілігіне байланысты.

 «KEGOC» АҚ негізгі міндеті БЭЖ-дің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұлттық электр торабын сенімді басқаруды жүзеге асыру болып табылатын Қазақстанның біртұтас электр торабының жүйелік операторы функциясын орындайды.