2016 жылдың 04 қазанында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "KEGOC" АҚ үшін "Эмитент күнін" өткізді.

Қазақ

Қазақстан қор биржасында "Эмитент күнін" өткізу мақсаты инвесторлардың эмитенттерге қызығушылығын арттыру және акционерлермен кері байланыс орнату болып табылады.

KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары А.Ю. Цалюктің сөзіне қарағанда KASE биржаның бағалы қағаздары өтімді болып табылатын барлық эмитенттері үшін және тиісінше мәселелері туындауы мүмкін инвесторларда тұрақты негізде осындай іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр".

Іс-шараға "KEGOC" АҚ өкілдері, "KEGOC" АҚ акцияларының қазіргі маркет-мейкерлері: "Фридом Финанс" АҚ, "Банк Центр Кредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" және "Цесна Капитал" АҚ қатысты. Сонымен қатар, кездесуде "Халықтық IPO" бағдарламасын жүргізуге белсенді ат салысқан брокерлік компания өкілдері және Қазақстанның іскер алдыңғы қатарлы БАҚ өкілдері қатысты.

"KEGOC" АҚ экономика жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі А.Т. Ботабеков компанияның 2015 жылға және 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс қорытындысы туралы баяндама жасады, 2016 жылға ағымдық жобалары мен болжамдық көрсеткіштері туралы, жалпы "KEGOC" АҚ даму жоспары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, А.Т. Ботабеков: "Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес акционерлердің мүддесін ескере отырып, 2016 жылдың 28 қазанына жоспарланған акционерлердің жалпы жиналысында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 6,5 млрд. теңге көлемінде акционерлердің дивидендін төлеу туралы мәселе, бір жай акцияға 24,93 теңгеден, яғни таза табыстың 40% құрағанын атап өтті".

2016 жылдың бірінші жартыжылдығына "KEGOC" АҚ бірінші жартыжылдықта электр энергиясын беру 18,5 млрд кВт құрады. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі қызметтен түсетін табыс 61,9 млрд. теңге, яғни 2015 жылдың бірінш жартыжылдығына қарағанда 15,8% жоғары немесе 8,4 млрд. теңгені құрады. 

"KEGOC" АҚ 2016 жылдың 30 маусымында бірінші жартыжылдыққа өзінің айналым мерзімі 15 жыл, жалпы сомасы 4 млрд. теңгеге 3,9 млн облигацияларын жылдық 18,6% – бен орналастырды.