2018 жылғы 16 мамырда «KEGOC» АҚ 2017 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларына дивидендтер төленгендігі туралы хабарлайды

Қазақ

1. 2017 жылғы қызмет қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім 2018 жылғы 27 сәуірде «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысымен қабылданды (№8 хаттама).

2. Дивидендтер төленетін кезең – 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы. 

3. Бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 40,13 (қырық) теңге он үш тиын.

4. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденд түрінде төленуге тиіс қаражаттың жалпы сомасы – 10 433 744 219,30 (он миллиард төрт жүз отыз үш миллион жеті жүз қырық төрт мың екі жүз он тоғыз) теңге отыз тиын, ол 2017 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша 12 583 932 724 (он екі миллиард бес жүз сексен үш миллион тоғыз жүз отыз екі мың жеті жүз жиырма төрт) теңге мөлшерінде төленген дивидендтер сомасын есепке алғанда «KEGOC» АҚ таза кірісінің 70% құрайды. 

5. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденд түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы – 10 433 744 219,30 (он миллиард төрт жүз отыз үш миллион жеті жүз қырық төрт мың екі жүз он тоғыз) теңге отыз тиын.

6. «KEGOC» АҚ жай акцияларына 2017 жыл қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2018 жылғы 14 мамырдағы жай-күй бойынша тіркелген.