2019 жылғы 3 мамырда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы (№3 хаттама) шешіміне сәйкес, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) шақыру туралы хабарлайды. 

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы болып табылады. 

 Акционерлердің жалпы жиналысы 2019 жылғы 3 мамырда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залында өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 2019 жылғы 3 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі. 

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2019 жылғы 30 мамырда 11 сағат 30 минутта  жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі. Акционерлердің қайталама жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 2019 жылғы 30 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқықтары бар акционерлердің тізімін құру күні – 2019 жылғы 29 сәуір. 

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқықтары бар акционерлердің тізімі құрылғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын мүлік меншігінен айырған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Сонымен қатар жаңа акционер акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс. 

Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала жасалған күн тәртібі:

1)2018 жыл бойынша жылдық қаржылық есептемені, таза кірісті үлестіру тәртібін бекіту, «KEGOC» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденттер төлеу және бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденттер мөлшерін бекіту туралы;

2)акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне өтініш жасаулары және оларды қарастыру қорытындылары туралы;

3)«KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу туралы;

4)«KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 

 

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен 2019 жылғы 22 сәуірден бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 0901, 0917-кабинеттер, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның  www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтында «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыс» бөлімінде таныса алады.  

 

Өткізу тәртібі: 

- Акционерлердің жалпы жиналысын ашқанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беруге өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынуы тиіс;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті;

- тіркелмеген акционер (акционердің өкілі) кворумды белгілеген кезде есептелмейді және дауыс беру құқығы жоқ;

- Акционерлердің жалпы жиналысын тіркелу және қатысу үшін акционерлердің – жеке тұлғалардың тұлғасын куәләндырушы құжаты болуы тиіс;

- акционерлердің – жеке тұлғалардың өкілдері бекітілген тәртіпте рәсімделген сенімхат және өкілдің тұлғасын куәләндыратын құжат ұсынулары тиіс;

- акционерлердің – заңды тұлғалардың өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхат және тұлғасын куәләндыратын құжат ұсынулары тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын ұсынып, көшірмесін тіркеушіге тапсыруы тиіс;

- егер акционерлердің жалпы жиналысына акционерлердің – заңды тұлғалардың атынан олардың жеке меншік атқарушы органдары қатысатын болса, онда олардың лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжат, сонымен қатар тұлғасын куәләндыратын құжат ұсынулары тиіс;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан әрекет етуге немесе оның мүддесіне өкілдік етуге құқығы бар тұлға үшін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге  сенімхат талап етілмейді;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен қарастырылмаған болса, акционер болып табылмайтын өзге тұлғалар Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды;

- Акционерлердің жалпы жиналысы қатысушыларын тіркеу аяқталған кезде, жалпы алғанда «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызына ие акционерлер және/немесе олардың өкілдері тіркелген жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелерін қарастыруға және шешім қабылдауға құқылы. 

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша өзге мәселелер Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «KEGOC» АҚ Жарғысы және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен белгіленген. 

Жиналыс Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі. 

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдарын, сонымен қатар өткізілуі бойынша сұрақтарға жауаптарды жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298 телефоны бойынша немесе www.kegoc.kz веб-сайтында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогіне сұрақ жіберу арқылы алуға болады.