2020 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдындағы жоспарлы жария тыңдалымның болмайтыны туралы

Қазақ

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 22.07.2020 жылғы № 21-24/06/4408 хатына сәйкес COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылғы 28 шілдеге жоспарланған 2020 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтер сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдындағы есеп бойынша жария тыңдалымның болмайтынын хабарлайды. 

Соған қоса, Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес, тарифтер бөлімінде 2020 жылғы 1-жарты жылдық қорытындылары бойынша есеп материалдары орналастырылды. Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың сұрақтары болған жағдайда оларды қарастыруға және жауап беруге дайын екенімізді хабарлаймыз.