«500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру барысы туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақ

11.12.2014

«500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру барысы туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2014 жылдың 11 желтоқсанында 500 кВ «Семей» қосалқы станциясында (Семей қ.-ның маңында) "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиев журналистерді «500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру барысымен таныстырды.

Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясат бағдары ретіндегі «Нұрлы жол» атты Жолдауына сәйкес нақты тапсырма - «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» бағыты бойынша жоғары вольтты желілерін салу міндеті қойылды.

Аталған жоғары вольтты желілер ірі ауқымды «500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасының құрамдас бөлігі болып табылады.  Жоба  ұзындығы шамамен 1500 км болатын 500 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілері мен 500 кВ-тық үш жаңа Семей, Ақтоғай және Талдықорған қосалқы станцияларын қамтиды.

Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады және 2018 жылы аяқталады. Жобаның құны шамамен 120 млрд. теңге. Құрылыс кезеңінде 1,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары, ал жоба аяқталған бойда – 97 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Жобаны іске асыру барысында 500 кВ-тық басқарылатын шунттаушы реакторлар, әлемдік өндіруші-зауыттардан шыққан жаңа жабдықтар (элегазды ажыратқыштар, өлшеу трансформаторлары, артық жүктемені шектеуші құрылғылар), қорғаныш пен автоматикаға арналған жаңа сандық микропроцессорлық терминалдар орнатылатын болады. 

500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитін пайдалануға енгізу нәтижесінде Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) Солтүстік-Шығыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша өткізу қабілеті ұлғаяды. Нәтижесінде ҰЭТ-тың транзиттік әлеуеті артады және Солтүстік Қазақстанның энергия көздерінен келешекте оңтүстік өңірдің электр қуатына деген сұранысты жабу үшін, сондай-ақ электр энергиясының Ресей тораптары арқылы транзитінен тәуелсіз Шығыс Қазақстан облысының тапшылықтарын жабуды қамтамасыз ету үшін электр энергиясының қосымша көлемдерін жеткізуге жағдай жасалатын болады.

Бұдан басқа, 500 кВ-тық әуелік желісі (ӘЖ)  Ақтоғай - Алматы, Ақтоғай - Достық, Ақтоғай – Мойынты бағыттары бойынша теміржол телімдерін электрлендіру, тау-кен өнеркәсібінің энергия сыйымдылығы жоғары объектілерін (Ақтоғай ТБК) электрмен жабдықтау, шекаралас аумақтарды дамыту және жаңғыртылатын энергияның, соның ішінде Жоңғар қақпасының әлеуетін ауқымды түрде игеру үшін жағдай жасайды.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Компания басшысы Бақытжан Қажиев «Осы жобаның іске асырылуы Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін (БЭЖ) мемлекет экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес сенімді қолдануды және тиімді дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі Компанияның  міндеттеріне сай келеді» - деп атап көрсетті.

KEGOC бұрын да осыған ұқсас ірі жобаны - Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитіндегі 500 кВ-тық екінші электр жеткізу желісін салуды іске асырды, оны 2009 жылдың қыркүйегінде  Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев іске қосқан болатын.

Жобаның іске асырылуы 2004 жылы басталып, үш кезеңге бөлінген болатын: бірінші кезең - 500 кВ-тық «ОҚМАЭС - Шу» ӘЖ, екінші - 500 кВ-тық «Екібастұз - Ағадыр» ӘЖ және үшінші - 500 кВ-тық «Ағадыр - ОҚМАЭС» ӘЖ. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитіндегі 500 кВ-тық екінші электр жеткізу желісінің жалпы ұзындығы шамамен   1 097 км.

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік  операторы  міндеттерін атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың км электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,38 ГВА болатын  77 электр қосалқы станциясы бар.  Компанияда ЕБҰ-ны қосқанда  4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпаратты  оның корпоративтік Интернет-ресурсынан алуға болады - www.kegoc.kz.

Баспасөз үшін байланыс

Алмагүл Жакеева

тел.: +7 (7172) 69-04-68

pressa@kegoc.kz



..