Ақмола жүйеаралық электр торабында Ашық есік күні өткізілді

Қазақ

02.10.2015

Ақмола жүйеаралық электр торабында Ашық есік күні өткізілді

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалында астаналық орта мектептердің 9-шы сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өткізілді. Шара аясында №37 және №72 мектептің 47 оқушысы «Ақмола ЖЭТ» филиалында болып қайтты. Жасөспірімдердің назарына Ақмола аймақтық диспетчерлік орталықтың диспетчерлік басқару пункті мен «ОБТҚ-500кВ» қосалқы станциясы және территориясында құрылғылар ұсынылды.  

Экскурсия барысында оқушылар «KEGOC» АҚ қызметі жайында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің келешектегі дамуы жөніндегі ақпараттарға қанықты. 

Танымдық экскурсиясы жастар саясаты шеңберінде жұмыс мамандықтарын кеңінен дәріптеу және орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында өткізілді. 



..