Ақпараттық хабарлама

Қазақ

2020 жылғы 9 ақпанда астаналық уақыт бойынша шамамен 20:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданында күннің қатты күркіреуі мен нөсердің құюы және секундына 35 метр жылдамдықпен соққан екпінді жел түріндегі ауа райының күрт бұзылу оқиғасы тіркелді. 

Ауа райының ауытқушылық құбылыстары салдары «KEGOC» АҚ «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің желдің максималды нормативтік ұйытқуы секундына 32 метрге дейінгі кезде пайдалануға есептелген жоғары вольтті электр жеткізу желілерінің жұмысына кері әсерін тигізді. Апаттың нәтижесінде бірқатар әуе желілері ажыратылып, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары тұтынушыларының бір бөлігі аз уақытқа электр жарығынсыз қалды.

«KEGOC» АҚ персоналының нақты әрі үйлесімді жұмысының, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара жүргізілген жедел жұмыстардың  арқасында еліміздің оңтүстік өңірінде немесе облыстардың қайсыбірінде электрмен жабдықтаудың толықтай тоқтатылуына жол берілмегенін атап өткен жөн. 

Жалпы, уақтылы қабылданған жедел шаралар аса күрделі салдардың алдын алуға және қысқа мерзімде апатты жоюға мүмкіндік берді.