Астана 2014ж.1 сәуір, «KEGOC» АҚ Басқармасы Компанияның 2013 жыл ішіндегі қызмет нәтижелері мен 2014 жылға арналған негізгі міндеттері жөнінде еңбек ұжымдарымен есептік кездесулер ө

Қазақ

01.04.2014

Астана 2014ж.1 сәуір, «KEGOC» АҚ Басқармасы Компанияның 2013 жыл ішіндегі қызмет нәтижелері мен 2014 жылға арналған негізгі міндеттері жөнінде еңбек ұжымдарымен есептік кездесулер ө

2014 жылдың 27 наурызында Астана қ.-да «KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев компания атқарушы дирекциясының ұжымы алдында Компанияның 2013 жыл ішіндегі қызмет нәтижелері мен  2014 жылға арналған негізгі міндеттері туралы есеп берді.

Бұрын «KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы Екібастұз, Қарағанды, Алматы, Рудный қалаларында  Компания филиалдарының еңбек ұжымдарымен есептік кездесулер өткізген. Бұдан басқа, Басқарма мүшелері  Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемен қалаларында Компания филиалдарының еңбек ұжымдарымен есептік кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға «Энерготехкәсіподақ» ҚБ еңбеккерлері кәсіби бірлестігі мен «Әлеуметтік серіктестік орталығы» КҚ өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында басшылық Компания еңбеккерлерін өндірістік және қаржылық қызмет қорытындылары, Компанияның алдағы мезгілге арналған негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті. ҚР  Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіруге, орнықты даму саласындағы жұмыс нәтижелері мен әлеуметтік саясат тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылды. Компания басшылығы сондай-ақ қызметкерлердің өндірістік жоспарларға, еңбек жағдайларына және әлеуметтік бағдарламаларға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Әлеуметтік жауапкершілік және жұмыскерлердің дамуы саласындағы жетістіктерді атай келе, Басқарма төрағасы Компанияның бизнес процестері заманауи техникалық, экономикалық талаптарға және экология, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласындағы сапа стандарттарына сай келетінін атап көрсетті.

Басшылықтың еңбек ұжымымен есептік кездесулері Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар ету, филиалдар еңбеккерлерімен «KEGOC» АҚ-ның қызметін жақсарту жөніндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылау үшіін байланысты күшейту мақсатында өткізіледі.

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функцияларын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компанияның теңгерімінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА 76 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Егжей-тегжейлі ақпарат  www.kegoc.kz сайтында.

Баспасөз үшін байланыстар

Алмагүл Жакеева
тел.: +7(7172) 690 468
pressa@kegoc.kz



..