Астана қаласында Қазақстан энергетиктерінің республикалық VII кеңесі болып өтті

Қазақ

16.03.2011

Астана қаласында Қазақстан энергетиктерінің республикалық VII кеңесі болып өтті

 2011 жылғы  16 наурызда  Астана қаласында Қазақстанның Электр энергетикалық қауымдастығы «Электр энергетикасын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны  Қазақстан халқының әл-ауқатын  нығайту негізі ретінде іске асыру» атты тақырып бойынша  республикалық VII кеңесін өткізді.

Кеңес жұмысы Қазақстанның Электр энергетикалық қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің «Осы заманғы  электр энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері» атты баяндамасымен ашылды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов  2010-2014  жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын  орындауда  электр энергетикасы саласының  айрықша маңызын атап өтті.  

Электр энергиясына деген  қажеттілікті,  Қазақстан Республикасы  экономикасының  орнықты әрі  тұрақты түрде  өсуін қамтамасыз ету мақсатында «Электр энергетикасын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» әзірленді.  

Салалық бағдарламаның шеңберінде  жаңа қуат көздерін салу, сондай-ақ  электр энергетикалық инфрақұрылымның  қолданыстағы объектілерін  қайта құру мен  жаңғырту жобаларын  іске асыру жоспарлануда. 

 Кеңестің жұмысы энергия көздерін  қайта жаңғыртатын  энергия өндіруші, электр желілік және энергиямен жабдықтаушы  ұйымдарды  дамыту мәселелері бойынша  секциялар форматында  өткізілді.   

Кеңес барысында қуат нарығын құру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және саланы қаржыландырудың  жаңа құралдарын енгізу, заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласында  инновациялық қызметті кеңейту, энергия теңгеріміне қайта жаңғыртылатын энергия көздерін  іс жүзінде тарту сияқты электр энергетикасының өзекті мәселелері талқыланды.

VII республикалық кеңес барысында энергетиктер алдағы болатын  Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қолдау көрсетіндіктері жөнінде үндеу қабылдады.

Кеңестің жұмысына  ҚР Парламентінің, «Нұр Отан»  ХДП, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктерді қорғау агенттіктерінің, БҰҰ,  ЮСАИД дамыту бағдарламаларының, Дүниежүзілік банктің, Еуропа Қайта құру және банкінің, Азиа даму банкінің, Қазақстан даму банкінің, Ресей Жинақ банкісінің, Халық банкінің, Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының, халықаралық ұйымдардың, энергетикалық ұйымдар мен  компаниялардың, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ пен  басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.