БАҚ назарына! Анонс

Қазақ

04.08.2014

БАҚ назарына! Анонс

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ баспалық, электрондық және Интернет-БАҚ журналистері арасында ҚР электр энергетикасы саласы дамуының өзекті мәселелері жөніндегі ең үздік жарияланымдар конкурсын өткізетінін хабарлайды. 

Конкурс өткізудің мақсаты еліміздің электр энергетикасы саласының өзекті мәселелеріне, оң өзгерістеріне БАҚ назарын аударту, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы және келешектегі инвестициялық жобаларын ақпараттық қолдау болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін баспалық, электрондық және Интернет-БАҚ беттерінде 2014 жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығында жаияланған мақалалар қабылданады. Үміткерлер 2014 жылғы 5 желтоқсанға дейін тақырыбын «БАҚ конкурсына өтініш» деп көрсетіп, толтырылған өтініш үлгісін және өз жұмыстарын (жарияланған мақаланың сканерден өткен нұсқасын және/немесе мақаланың аудио-бейне жазбасын) konkurskegoc2014@gmail.com электронды мекенжайына жолдай алады.

Конкурсқа қатысу туралы толық ақпаратты www.kegoc.kz сайтынан алуға болады.  

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функцияларын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компанияның теңгерімінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,9 ГВА 76 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Егжей-тегжейлі ақпарат www.kegoc.kz  сайтында.

Баспасөз үшін байланыстар

Алмагүл Жакеева
тел.: +7(7172) 690 468
pressa@kegoc.kz



..