Басқарма мүшелеріне ақы төлеу туралы ақпаратқа түсініктеме

Қазақ

11.08.2011

Басқарма мүшелеріне ақы төлеу туралы ақпаратқа түсініктеме

Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесі мен  сыртқы аудиторлардың  ұсынымдарына сәйкес  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC» акционерлік қоғамының 2010 жылғы жылдық есебінде бірінші рет Басқарма мүшелері мен Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне ақы төлеу мөлшері туралы  мәліметтер ашып көрсетілді.

Компания  бірқатар БАҚ беттерінде ағымдағы жылдың  9 тамызында «АҚЫ ТӨЛЕУ» және «СЫЙАҚЫ» ұғымдарына дұрыс  түсінік берілмеген КазТАГ агенттігі ақпаратын бұрмалап көрсетуге жол берілгеніне өкініш білдіреді.

Жылдық есептегі  осы бөлім  мазмұнын дұрыс түсіндіру мақсатында «KEGOC»  АҚ мынадай түсініктеме береді.

КазТАГ хабарламасында көрсетілген ақы төлеу сомалары компанияның 2010 жыл бойынша «KEGOC» АҚ топ-менеджерлерінің ЕҢБЕК АҚЫСЫН төлеуге жұмсалған  шығыстарын (лауазымдық жалақы + еңбек заңнамасында  көзделген  өзге төлемдер) білдіреді.

2010 жылғы қызмет қорытындылары бойынша  «KEGOC» АҚ  Басқармасының мүшелеріне  сыйақы төленген жоқ.  Жалғыз акционер -  "Самұрық-Қазына" мемқорының  шешіміне сәйкес Қор қарамағындағы ұйымдардың  басшы қызметкерлеріне 2008-2010 жылдар аралығында  бонустар төленбеді.

«KEGOC» АҚ өз тарапынан көпшілік қызығушылық танытатын  ақпаратты ашып көрсету жұмыстарын бұдан әрі де жалғастыра бермек және  ашық жарияланатын мәліметтердің барынша дұрыс қабылдануына сенім білдіреді.