БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақ

19.12.2014

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Халық ІРО» Бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын қор нарығына орналастырудың қорытындысы шығарылды 

Қарашаның 5-і күні басталған «Халық ІРО» Бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларына тапсырыс қабылдау науқаны тәмамдалды.

Науқан барысында «KEGOC» АҚ акцияларын алуға ниетті инвесторлардан жалпы құны 16 млрд. 675 млн. 918,6 мың теңгелік 41 995 дана құнды қағазға тапсырыс түсті. Алдын ала жоспар бойынша жалпы сомасы 13 млрд. 130 млн. теңгенің акцияларын бастапқы саудаға шығару көзделген болатын. Осылайша сұраныс ұсыныстан 27% жоғары болды.

Жеке инвесторлардың жалпы сомасы  9 млрд. 473 млн. теңгелік тапсырыстары толық қанағаттандырылды. Сондай-ақ, маркет-мейкер «Halyk Finance» АҚ-ның 202 млн. теңгелік, ал «БЖЗҚ» АҚ-нан  түскен 3 млрд. 454 млн. теңгелік тапсырыс қанағаттандырылды.

Осылайша нарыққа шығарылған акциялардың жалпы көлемінің 72,15% жекелеген инвесторлар, 1,54%-ы маркет-мейкерлер және 26,31%-ы «БЖЗҚ» АҚ үлесінде.

Жекелеген инвесторлар 14 мың дана акцияға дейінгі мөлшерде 41 965 дана акцияға тапсырыс берген.  Бұл барлық жекелеген инвесторлардан түскен тапсырыстардың  99,92%-ы. Бұл тапсырыстардың орташа сомасы 428,5 мың теңге межесінде.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «KEGOC» АҚ ІРО-ның екінші кезеңіне қатысқан барлық мүдделі тараптарға, әсіресе брокерлік компанияларға айрықша алғыс білдіреді. Тапсырыс қабылдау қарқыны бойынша белсенді ат салысқандар қатарында «Қазпошта» АҚ (28,1%) 2,665 млрд. теңгелік 13 152 тапсырыс, «Freedom Finance»  (25,6%) 2,428 млрд. теңгелік 18 787 тапсырыс, «BCC Invest» (12,8%) 1 215 млрд. теңгелік  479 тапсырыс, «Асыл Инвест» (8,1%) 771 млн. теңгелік 702 тапсырыс және  «Halyk Finance» (6,7%) 639 млн. теңгелік 7 300 тапсырыс қабылдаған.

2014 жылдың 19 желтоқсанында «KASE» қазақстан қор биржасында «KEGOC» АҚ акцияларының еркін сауда айналымы басталды

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын құнды қағаздар нарығына шығарудың бағдарламасын әзірлеген болатын.

«Халық ІРО» Бағдарламасы мемлекеттің ең ірі, әрі барынша тұрақты компанияларының акцияларын кезең-кезеңімен қор нарығына шығаруды көздейді. 2012 жылы бұл қатардан бірінші болып, «ҚазТрансОйл» акциялары қор нарығына шығарылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ акцияларын «Халық ІРО» бағдарламасы аясында қор нарығына шығаруды жоспарлады. Одан кейін, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары қор нарығына жол тартады деп күтілуде.