Біз – болашақ басшымыз. Елдің дамуы үшін біз жауаптымыз

Қазақ

Астанада «Ұлы дала жастары» ұранымен Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы ұйымдастырған «Самұрық-Қазына» АҚ Жастар кеңесінің құрылтай отырысы өтті. Компанияның 10 филиалы, орталық аппараты және «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымының жас мамандары арасынан шыққан делегация отырысқа қатысты және Қордың Жастар кеңесінің құрамына кірді. 

Бүгінгі күні көптеген өндіріс және қызмет көрсету секторларында қызмет көрсету процестері автоматтандырылған. Жүргізіліп жатқан бизнес-процестер туралы деректер күн сайын ірі деректер базасын құрып, арнайы жүйелерге енгізіледі. «Цифрландыру: болашаққа билет немесе елес пе?» атты панельдік сессияда ұлттық компаниялардан шақырылған спикерлер цифрландыру үрдістері, жас кадрларды дамыту және қызметкерлерге қандай білім мен дағдылар қажет екендігі туралы сөз қозғады. Іс-шара қатысушыларының ойынша, болашақта АТ қызметкерлері жеке маман ретінде болмайды. Цифрландыру барлық саланы қамтып, әр жас өкілінің өміріне енеді. Сондықтан IT дағдылары мен білімдері әр адамның soft skills дағдыларына айналады. 

«Біз жүрген жер - көңілді» атты арнайы бөлімде халықаралық оқыту, саясаттану және талдамалы зерттеулер саласындағы сарапшылар «ми экспорты», оның ауқымы, онымен күресуге болады ма екендігі туралы айтты, сонымен қатар осы мәселе бойынша оң ойларымен бөлісті. Танымал блоггер, саясаттанушы Талғат Қалиев өз ойын жеткізді. Ол шет елде оқитын және жұмыс істеп жатқан жастардың Қазақстанға қайтып келетіндігі және олардың білімі мен дағдыларының ел дамуына септігін тигізетіндігіне сенімді екендігін айтты. 

14 ұлттық компаниядан келген қатысушылардың арасында «PRIME Games» атты интелектуалдық ойыны өткізілді. Олар жан-жақты екендігін және асқан тапқырлықтарын көрсете отырып, логикалық сұрақтарға жауап беріп, музыкалық тапсырмаларды шешті. Күрделі әрі сұрақтарға толы үш кезеңнің нәтижелері бойынша KEGOC командасы «Самұрық-Қазына» АҚ командасына жеңіс тізгінін беріп, күміс жүлде иегері атанды. Алған ақшалай сыйлықты КЕГОКтықтар жетім балаларға жаңа жылдық сыйлық алуға жіберді. Команда капитаны, «ЖО ҰДО» филиалының бас диспетчері Бекжан Мұқатовтың айтуы бойынша бұл шешім бірауыздан қабылданды. «Біз бұны үлкен немесе ерекше әрекет деп есептемейміз. Тек мерекенің жалғасуын қаладық және бақыт пен жақсы көңіл-күй эстафетасын ары қарай береміз».