Дивидендтерді алу жөнінде

Қазақ

26.06.2015

Дивидендтерді алу жөнінде

«KEGOC» АҚ 2015 жылғы 25 мамырда 2014 жылдың қорытындысы негізінде «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша 8 613 800 000 (сегіз миллиард алты жүз он үш миллион сегіз жүз мың теңге)теңге мөлшерінде дивиденд төледі. 

Алайда, акционерлердің жеке мәліметтерінің дұрыс болмауына байланысты төлем агенті дивиденд сомасының бір бөлігін қайтарып отыр.

Осыған орай, 2014 жылдың қорытындысы негізінде «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд  алуға құқы бар, бірақ қандайда бір себептермен оны ала алмаған акционерлерді «KEGOC» АҚ-ның Инвесторлармен байланыс департаментімен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Тел.: 8 /7172/ 690 430, 690 297, 690 491

Email: tokubayev@kegoc.kz, sagintayeva@kegoc.kz