ЕҚҚБ қазақстанда энергия үлестіру секторын жақсартуды қаржыландырады

Қазақ

21.05.2011

ЕҚҚБ қазақстанда энергия үлестіру секторын жақсартуды қаржыландырады

Осакаровка кентінде электр жеткізу жүйелерінің энерго тиімділігін арттыруға 156 миллион АҚШ  дол. мөлшеріндегі несие

ЕҚҚБ жүйенің энергетикалық тиімділігін арттыруға және электр жеткізу желілерінің  өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған несие есебінен Қазақстанда электр энергиясын үлестіру секторын жаңғыртуға ықпал етеді.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (КЕГОК) мемлекеттік энергоүлестіруші компанияға берілетін 156 миллион АҚШ дол. мөлшеріндегі несие электр жеткізу жүйесін жаңғырту және Қазақстанның Қарағанды облысындағы Осакаровка кентінде орналасқан жоғары вольттық электр жеткізу желілерін қайта құру үшін арналған.

Осы он бес жылдық несиенің жалпы сомасынан 70 миллион АҚШ дол. дейін  екі банк – «ЮниКредит Банк Австрия АГ» және «Райффайзен Банк Интернешнл АГ» синдикатымен бірлесе қаржыландырылады деп күтілуде.

Осы инвестициялар жүйедегі энергетикалық ресурстарды тиімдірек тұтынуға және Қазақстанның бас қаласы Астана шаһары мен солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысын электрмен жабдықтау көлемін арттыруға әкеп соғады.

Аяқталуы  2014 жылы жоспарланған осы жаңғырту жүйедегі ысыраптарды 10%-дан 5%-ға немесе шамамен 40,000 МВтс.-қа қысқару есебінен энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Көміртегінің шығарылуы жылына 60,000 тоннаға азаяды деп күтілуде.  

Бұдан басқа, КЕГОК осы несиені Қазақстанның энергетикалық секторын реформалау шеңберінде электр қуаты нарығындағы бірыңғай сатып алушы рөліне кіру алдында борышты қайта қаржыландыру және компанияның ақша ағындары мен теңгерімін оңтайландыру үшін пайдаланады.

ЕҚҚБ-нің осы несиесі КЕГОК пен Қазақстан Үкіметі белгілегендей, секторды реформалау мақсаттарымен, электр энергиясын үлестіру нарығын қайта құрылымдау және секторды реттеу сапасын жақсртуды қоса отырып тығыз байланысты.

Қазақстан Рсепубликасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ЕҚҚБ мен КЕГОК энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ тиімді де сенімді энергиямен жабдықтау мақсатында Қазақстан Республикасында электр энергетикалық секторды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы үшжақты Меморандумға қол қоюды жоспарлауда.

Бұл іс-шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, өңірлік теңгерімсіздікті жоюға және ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттігін тиімді де мөлдір құн бойынша қауіпсіз әрі орнықты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету арқылы жақсартуға бағытталған. Өз кезегінде бұл орнықты өсуге, экономиканы әртараптандыруға және Қазақстан Рсепубликасы өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал жасайды.

Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою жолымен Қазақстан Рсепубликасы қуаттың құқық шектеусіз нарығын бір мезгілде толық ырықталғанэлектр энергиясы нарығымен бірге дамытуға өз ұмтылысын растайды.

ЕҚҚБ РР қазақстандық электр энергетикалық секторда саясат пен нақты жобаларды әзірлеу мәселелері бойынша белсенді диалог арқылы Қазақстан Үкіметінің тиімді, бәсекелес электр энергетикалық нарығын құруын қуаттайды.

«ЕҚҚБ Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына ең ірі қаржылық инвестор бола отырып, осы үдеріске өзінің атсалысуын мақтан тұтады», - деп мәлімдеді ЕҚҚБ-ның  энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Риккардо Пулити ЕҚҚБ-ның 2011 жылы Астанадағы жылдық жиналысы барысында болған жобаға қол қою салтанатында.

«Банктың инфрақұрылым секторына осы тұтқалы инвестициясы жергілікті тұтынушылардың электрмен жабдықтауға сенімді, сапалы және экономикалық тиімді қол жетуіне көмек көрсетуді көздейді. Біздің жаңғырту жобасы аса жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес  энергетикалық жүйенің тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі. Ол өңірлік энергетикалық теңгерімді қалпына келтіруге көмектеседі және болашақ ел дамуының іргетасын қалайды», - деп мәлімдеді Пулити мырза.

КЕГОК өз жегімінде кернеуі 110 кВ-тан 115 кВ-қа дейін аралықтағы жалпы ұзындығы 24 380 шақырым жоғары вольттық желілерге ие, олар жиынтық  қондырылған қуаты шамамен 35 000 МВА 74 қосалқы станция арқылы өтеді. 

«KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев  220 кВ-тық «ОБТҚС – Осакаровка» ӘЖ-н қайта құру бойынша қайта құрылымданған несиеге» қол қою сәтінде былай деді: «ЕҚҚБ-мен несиелік келісім бізге Қазақстанның электр энергетикалық саласын дамыту жөніндегі серкітестігімізді жалғастыруға мүмкіндік береді. Осы жобаны іске  асыру Астананың, ішінара өнеркәсіптік инфрақұрылымының серпінді өсуіне үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының арқасында ашылатын жаңа объектілердің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып ықпал жасайды».    

Өзінің Қазақстандағы ағымдық инвестициялық стратегиясында ЕҚҚБ корпоративтік секторға оның қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыруына қолдау көрсетуде, сондай-ақ  экономикалық бейтараптану мен инновациялардың жылжуына тоғыстырылады.

Банк билік органдарымен және басқа да халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтаса, сондай-ақ елдегі қаржылық сектордың нығаюына ықпал етеді. Банктік сектор ЕҚҚБ-ның шағын кәсіпорындарды қаржыландыру үшін негізгі өткізгіш боп қалады.

ЕҚҚБ сонымен бірге Қазақстандағы инфрақұрылым секторын өркендетуге қолдау көрсетеді, мұны Банктің теміржол секторын қайта құрылымдауға қатысуы айғақтайды, ол тұтқалы өнім түрлерін тасымалдау үшін аса маңызды мәнге ие болады, сондай-ақ  қазақстандық қалалардың инфрақұрылымын жетілдіруге жұмыс істейді. Бұдан басқа, энергетикалық теңгерімісіздікті жою мен энерготиіміділікті арттыру мәселелері банк қызметінің басым бағыттары болып табылады.

Қазақстандағы өз қызметінің басынан бастап ЕҚҚБ қазақстандық экономиканың әртүрлі секторларына 2.8 миллиард евродан астам инвестиция мен 130-дан аса жобаны жүзеге асырды, бұл 6 миллиард евродан астам сомаға қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік жасады, ал мұның 70 пайыз жобалары елдің жекеменшік секторын дамытуға арналған инвестициялар болып табылады.

61 мемлекет және екі халықаралық ұйым  акционерлері болып табылатын ЕҚҚБ Орталық Европадан Орталық  Азияға дейінгі елдерде нарықтық экономика мен демократияны өркендетуді қолдайды. www.ebrd.com

Анықтамалар үшін Сергей Гриценкоға хабарласыңыз

Тел.: +4420 7338 7329

Эл. почта: GrytsenS@ebrd.com