Электр энергиясының келісімшартсыз алынған ағындары туралы

Қазақ

28.11.2012

Электр энергиясының келісімшартсыз алынған ағындары туралы

Ағымдағы жылдың күзгі-қысқы маусымы басталғаннан бастап Өзбекстан энергия жүйесі Қазақстан БЭЖ мен Орталық Азия БЭЖ шекарасындағы келісілген мемлекетаралық қуат ағындары кестесін бұзуды жалғастырып келеді. Жүктемелердің кешкі максимумы уақытында қуатты рұқсатсыз тарту 650 МВт-қа жетеді, ал түнгі сағаттарда жоспардан тыс алу 1050 МВт-қа дейін жетеді.

Өзбекстан энергия жүйесінің теңгерімсіз жұмысы  Орталық Азия БЭЖ жұмысының режиміне теріс әсерін тигізіп отыр,  Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік   транзитінің шектен тыс жүктемемемн жұмыс істеуіне, соның нәтижесінде оңтүстік өңірдегі тұтынушылардың қуат көзінен ажырап, өшірілу қаупін туындатады.

Қазақстан БЭЖ-і Жүйелік операторының Ұлттық  диспетчерлік орталығының (ЖО ҰДО) деректері бойынша Өзбекстан энергия жүйесінің электр энергиясын рұқсатсыз алуы 28.11.12 ж. жағдай бойынша 25 млн. кВтс құрап отыр.

Былтырғы 2011-2012ж.ж. күзгі-қысқы маусымда теңгерімсіз жұмыс нәтижесінде «Өзбекэнерго» МАК Қазақстан БЭЖ-нен  электр энергиясын  35 млн. АҚШ доллары сомасында келісімшартсыз (жоспардан тыс) алған болатын. Қазіргі уақытта «Өзбекэнерго» МАК 2011ж. мен 2012 жылдың 9 айы ішіндегі жоспардан тыс электр энергиясын жеткізу және қуатты реттеу жөніндегі көрсетілген қызмет үшін берешегін толық  өтеді.

Осыған байланысты, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан  компаниясы  «KEGOC» АҚ  «Независимая газета» басылымында жарияланған 2012ж. 26 қарашадағы  "Астана Ташкентті есепшотқа қойды"  мақаласындағы 15  млн.  АҚШ доллары мөлшеріндегі айыппұл туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Беделді басылымның Орталық Азия БЭЖ жұмысының режимдері туралы материалда бүгінгі таңда өзектілігін жоғалтқан және былтырғы жылғы оқиғаларға жататын мәліметті пайдаланғаны өкініш тудырады.  Мақала авторы тарапынан «KEGOC» АҚ атына Қазақстан және Өзбекстан энергия жүйелерінің өзара іс-қимылы тақырыбына түсініктеме беру туралы ресми немесе ауызша сауалы келіп түспегенін атап өткен жөн.