«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-тың GAMMA рейтингі GAMMA-5-тен GAMMA-5+-ке дейін көтерілді

Қазақ

17.03.2011

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-тың GAMMA рейтингі GAMMA-5-тен GAMMA-5+-ке дейін көтерілді

Мәскеу (Standard & Poors), 17 наурыз 2011 ж. Бүгіндері корпоративтік Standard & Poor’s басқару рейтингтерінің қызметі «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның «Корпоративтік басқару, есептеме мен менеджмент тиімділігін талдау және бағалау» (Governance, Accountability, Management, Metrics, and Analysis — GAMMA) рейтингі «GAMMA-5»-тен «GAMMA-5+-ке дейін көтерілгені туралы хабарлады. KEGOC Қазақстандағы ұлттық  электр энергетикалық жүйенің жүйелік операторы болып табылады және электр энергиясын жеткізу, техникалық  диспетчерлеу мен теңгермелі электр энергиясы нарығын атқарымдауды ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетеді.

 «2025 ж. дейінгі келешекпен ұзақ мерзімді стратегияны бекіту KEGOC-тың корпоративтік басқару аясында маңызды оң өзгеріс болып табылады, ол өндірістік активтерді жаңғырту жөніндегі айқын  стратегиялық міндеттерді белгілейді. Бұдан басқа, біз былтырғы жыл ішінде компанияның ақпаратты ашу іс-тәжірибесін жетілдіргенін және ішкі  аудит үдерісін күшейткенін атап көрсетеміз, — деді Корпоративтік басқару рейтингтері қызметінің талдаушысы Екатерина Марушкевич. — Сонымен бірге KEGOC жалғыз акционерінің, мемлекеттік «Самұрық-Қазына» қорының бірқатар шешімдері коммерциялықтан гөрі саяси негіздемеге ие. Атап айтқанда, біз KEGOC-тың, сол секілді басқа да қазақстандық мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне дағдарыс кезінде енгізілгендей, бонустар төленуін шектеу компанияның жоғары білікті мамандарды тартуы мен ұстап тұруын шектеуі мүмкін. «Самұрық-Қазына» қорында корпоративтік шешімдерді қабылдаудың тым ұзақ та төрешілдік үдерісі басқа бір кемістік болып табылады, бұл KEGOC-ты қосқанда еншілес компаниялардың оралымдық тиімділігіне теріс әсерін тигізеді».

KEGOC компаниясының GAMMA рейтингі — төрт талдама құрамбөліктері бойынша бағалау нәтижесі — 1-ден 10-ға дейін бағалау үдемесімен:

  •       Акционерлердің әсері — 4+ (өзгеріссіз)
  •       Акционерлердің құқықтары — 5 (өзгеріссіз)
  •       Мөлдірлік, аудит және тәуекелдерді басқару — 6 (5+-тен көтерілген)
  •       Директорлар кеңесінің тиімділігі, стратегиялық үдеріс, уәждеу жүйесі — 5+ (5-тен көтерілген) 

KEGOC-тың корпоративтік басқару іс-тәжірибесінің күшті жақтары мынандай:

  •         Қазақстан Республикасының Үкіметі және KEGOC бірден бір акционері — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры — компания бизнесінің ұлттық  экономиканы дамытудағы жоғары мән-мағынасын түйсінеді және компанияға  саяси да қаржылай қолдау көрсетеді. «Самұрық-Қазына» қоры KEGOC-та  тиімді корпоративтік басқару іс-тәжірибесін дамытуды қолдайтыны маңызды жәйт болып табылады.
  •         KEGOC-тың 2025 ж. дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясын Директорлар кеңесі бекіткен. Ол компанияның өндірістік активтерін жаңғырту, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлерді басқару және корпоративтік басқаруды жетілдіру аясындағы мақсаттары мен міндеттерін баяндайды.
  •        2010 ж. KEGOC-тың айқындық деңгейі көтерілді: компания ҚЕХС бойынша тоқсандық қаржылық есептемені жариялады және жылдық нәтижелер жарияланымының мерзімдерін айтарлықтай жақсартты (жылдық есептеме 2010 ж. сәуірдің аяғына дейін жарияланды). Бұдан басқа, KEGOC орнықты даму туралы алғашқы есепті жариялады, соны даярлау кезінде компания GRI  басшылығының «С» қолдану деңгейіне бағдарланды.
  •        2010 жылғы қазаннан бастап Аудит жөніндегі комитет тек қана тәуелсіз директорлардан тұрады және ішкі аудит үдерісін тиімді бақылауды жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің аудит пен қаржы саласында елеулі кәсіби тәжірибесі бар және кәсіби біліктілігін арттырады. 

Сонымен бірге Standard & Poor’s компанияның копоративтік талдау жүйесіндегі бірқатар кемшіліктерді атап отыр.

  •          Тәуелсіз директорлардың бірден-бір KEGOC акционерінің ұстанымына қайшы келетін айқындаманы қорғау қабілеттілігі іс жүзінде тексерілген жоқ. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің аз бөлігін құрайды және нақты айқындалған вето құқығы жоқ.   
  •         Бірден-бір KEGOC акционері мүдделер текетіресіне ұшырауы мүмкін; бір жағынан ол компанияның акционерлік құнын арттыруға, екінші жағынан ол компанияның коммерциялық мүдделеріне қайшы келуі мүмкін әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік міндеттерді орындауға мәжбүр.
  •         Бас компания деңгейінде бірқатар корпоративтік шешімдер қабылдау үдерісі бірнеше рет ұзаққа созылды, бұл  KEGOC-тың оралымыдылық тиімділігіне теріс әсер еткен болатын.
  •         KEGOC биік атқарушы басшылығының мүшелеріне сыйақы беру туралы шешімдер саясаттандырылған болып табылады, бұл компанияның жоғары менеджерлерін тарту, ұстап тұру және ынталандыру мүмкіндігін шектейді.

«KEGOC-тың толық есебі: «GAMMA» рейтингін Standard & Poor's www.governance.standardandpoors.com сайтынан, сондай-ақ орыс тіліндегі www.standardandpoors.ru сайтынан көруге болады. Корпоративтік басқару  рейтингтері туралы және GAMMA рейтингі туралы ақпаратты  www.governance.standardandpoors.com. табуға болады. Сонымен бірге Сіз Мәскеу қаласындағы мына нөмірлердің біреуіне хабарласа аласыз: (7) 495-783-40-00/40.

Осы құжат Standard & Poor’s немесе оның еншілес қоғамының қажетті лицензиялары жоқ сот құзыреттілігінде қызмет ұсынуды білдірмейді. Standard & Poor’s ұсынған барлық ақпарат атаулы болып табылмайды және жекелеген тұлғалардың, ұйымдардың немесе тұлғалар санатының қажеттіліктеріне бейімделмеген.  

Standard & Poor’s Standard & Poor’s ұсынған және осы құжатта келтірілген ақпаратты қолдану нәтижелеріне қатысты айқын немесе тұспалданған кепілдіктер бермейді.  Standard & Poor’s нақты пайдаланушы мән-мәтінінде осындай ақпараттың қолдануға жарамдылығына қатысты кепілдіктер бермейді. 

Осы баспасөз хабарламасында ұсынылған пікірлер Standard & Poor’s «Нарықтарды зерттеу» бөлімшесіне кіретін Корпоративтік басқару рейтингтері қызметінің тәуелсіз ұстанымын көрсетеді және Standard & Poor’s басқа талдау қызметтерінің ұстанымын білдірмейді. GAMMA рейтингі Standard & Poor’s компаниясы, оның қызметкерлері ұсынған, Standard & Poor’s сенімді деп санайтын кез-келген басқа да көздерден алынған ағымдағы ақпаратқа негізделген. GAMMA рейтингі корпоративтік басқару тәжірибесінің аудиті немесе қаржылық тексеруі болып табылмайды. Standard & Poor’s аудиттелген ақпаратты, сондай-ақ корпоративтік басқаруды талдау мақсатында компания ұсынған кез-келген басқа да ақпаратты қолдана алады. GAMMA рейтингі несие рейтингі немесе компанияның акцияларын сатып алуға, сатуға немесе ұстауға берілген ұсынымдар болып табылмайды, себебі ол олардың нарықтық құны мен нақты инвестордың қажеттілігіне сәйкестігі туралы пікірді білдірмейді. Талдау үшін қажетті ақпараттың өзгеруі немесе болмауы салдарынан GAMMA рейтингінің өзгеруі, тоқтатылуы немесе кері шақыртылып алынуы мүмкін.

Ұсынылған ақпарат қайсыбір бағалы қағаздарды немесе басқа да қаржы тетіктерін сатып алу не болмаса сату жөніндегі ұсыныстар немесе ұсынымдар болып табылмайды. Баспасөз хабарламасында ескерілген бағалы қағаздар, қаржы тетіктері немесе стратегиялар барлық инвесторлар үшін ұтымды бола бермейді. Осында берілген барлық пікірлер адалынан жасалды және хабарламасыз өзгертілуі мүмкін, сондай-ақ көрсетілген күні ғана дұрыс болып табылады.

Корпоративтік басқару рейтингтері, GAMMA рейтингтері және  Standard & Poor’s ұсынатын басқа да талдау қызметтері мақсаты әр талдау үдерісінің тәуелсіздігі мен дұрыстығын сақтау болып табылатын жекелеген қызмет түрлерінің нәтижесі болып табылады. Standard & Poor’s және оның еншілес компаниялары көптеген ұйымдарға немесе бағалы қағаздар эмитенттеріне, инвестициялық сабағатшыларға, брокерлерге, делдалдарға, инвестициялық банктерге, басқа да қаржы ұйымдарына және көптеген ұйымдармен байланысты қаржылық делдалдарға кең ауқымда қызмет көрсетеді, сол себепті олар бағалы қағаздарын немесе қызметтерін ұсынуы, рейтингтеуі, қоржын модельдеріне енгізе, бағалай немесе олармен басқа түрде жұмыс істей алатын ұйымдарды қоса алғанда осындай ұйымдардан сыйақы немесе басқа да экономикалық пайда алуы мүмкін.  

Copyright © 2011 Standard & Poor’s Financial Services LLC — McGraw-Hill Companies бөлімшелері. Жазбаша рұқсатсыз толығымен немесе ішінара таратуға, қайта жаңғыртуға және (немесе) сурет көшірмесін жасауға тыйым салынған. Барлық құқықтары қорғалған. S&P пен STANDARD & POOR’S Standard & Poor’s Financial Services LLC тіркелген сауда маркалары болып табылады.

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін:

Екатерина Марушкевич, Мәскеу (7) 495-783-40-44

Олег Швырков, Мәскеу, 7 (495) 783- 40-45 

Талдаушылардың электрондық мекен-жайы:  

ekaterina_marushkevich@standardandpoors.com

oleg_shvyrkov@standardandpoors.com

Governance@standardandpoors.com