Энергетиктер күні қарсаңында «КОРЕМ» АҚ өткізген волейбол жарысынан KEGOC командасы бірінші орынды жеңіп алды

Қазақ

Қазақстандағы Жастар жылы аясында «КОРЕМ» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Энергетиктер күні кәсіби мерекесіне арналған спорттық шара – волейбол жарысын өткізген болатын.

Аталмыш жарысты Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі С. Есімханов кіріспе сөзбен ашты. Бәсекеге ҚР Энергетика министрлігі, «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы, «KEGOC» АҚ Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО), «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі Қаржы- есеп айырысу орталығы» ЖШС, «Samruk-Kazyna Trust» АҚ және «КОРЭМ» АҚ командалары қатысы.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

1 орынға - «KEGOC» АҚ командасы;

2 орынға - ҚР Энергетика министрлігі командасы;

3 орынға - «KEGOC» АҚ Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО) командасы ие болды.