Энергия нарығының шамамен 280-дей субъектісі ерекше «KEGOC» АҚ Биллингтік жүйесін қолданушы болды

Қазақ

«KEGOC» АҚ-да «Жүйелік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру» жобасы бойынша басқарушы комитеттің отырысында Биллингтік жүйенің мониторингі туралы есеп мақұлданды. Осы сәттен бастап жоба аяқталған болып есептеледі. 

- Ендірілетін өзгерістердің ауқымына қарай, KEGOC Биллингтік жүйесін ерекше деп атауға болады. Біз Компания қызметінің тиімділігін тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, сонымен қатар өзара есептесу рәсімдерінің жеделдігі мен тазалығы есебінен арттыруды күтудеміз, бұған Биллингтік жүйені енгізу арқылы қол жеткізілді, - деп атап өтті жоба демеушісі -  «KEGOC» АҚ Жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор Бекенов Мұхтар.

Жаңа Биллингтік жүйе  тұтынушылармен өзара есептесулер процестерін жақсарту мақсатында әзірленді. Жоба шеңберінде қолданыстағы деректерді есептесу жүйесіне енгізу автоматтандырылды. Сонымен қатар, енді есепке алу құжаттары электр энергиясын есепке алудың сыртқы жүйелерінен алынған деректердің негізінде қалыптасады. 

Жүйе 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды, өткен жарты жыл ішінде оның үш шағын жүйесінің жұмысы талданды: шарттарды басқару, есептеулер және қаржылар. Жаңа жүйеде картотека құрылды, оған 6 мыңға жуық шарт енгізілді, ал осы есептеулердің және теңгерімдердің негізінде  тұтынушыларға төлемге 4, 6 мың электрондық құжат шығарылды. Жаңа жүйенің негізгі пайдаларының бірі болып көрсетілген жүйелік қызметтер үшін төлемдердің жоғары жиналымдылығы (KPI 102,78%) және Компанияның клиенттерінің қанағаттануы деңгейінің өсуі (4.66 балл).  

KEGOC тұтынушылары жұмыстағы оң өзгерістерді, әсіресе деректерді өңдеуге кететін уақыттың қысқаруы, барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде төлем құжаттарын орталықтан алу мүмкіндігін атап өтеді. Сонымен қатар, тұтынушылар, бұл энергия нарығының шамамен 280 субъектісі, Биллингтік жүйенің Жеке кабинеттері арқылы аталған шарттардың бірыңғай базасына, қаржылық құжаттарға, сонымен қатар есептесулердің жай-күйін бақылау және осылайша  KEGOC-пен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне қол жеткізді.