«Энергоинформ» АҚ қызметкері республикалық диспут-ойынның жеңімпазы атанды

Қазақ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2016 жылғы 22 қазанда «Қазмедиаорталығында» ұлттық компаниялар арасында «Үштілді меңгеру – табысты өмірге қадам» тақырыбында диспут-ойын өткізілді. Аталған диспут-ойынға біздің Компаниядан ҰЭТ ДД бас маманы Балпықова Әсем және «Энергоинформ» АҚ жетекші маманы Наурызбаев Еркебұлан қатысып, өздерінің өте сауатты әрі білімді екенін көрсете білді. Өткізілген ойын қорытындысы нәтижесінде 12 қызметкердің екеуі «Үздік спикер» және «Үздік дәйексөз» номинациялары бойынша марапатталды.

Сонымен қатар, «Үздік дәйексөз» номинациясын біздің Компанияның қызметкері Наурызбаев Еркебұлан ұтып алғанын ерекше қуанышпен хабарлай отырып, оны осы жарқын әрі маңызды жеңісімен құттықтаймыз! Біздің қызметкерлердің жеңісі – бұл біздің Компаниямыздың жеңісі! Әріптестеріміздің республикалық, қалалық жарыстарда жеңіске жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

Аталған диспут-ойынды 2016 жылғы 22 қарашада СТВ арнасынан тамашалауға болады.