ЭЖЖ пайдалану жөніндегі электромонтерлер арасында өтетін жарыстар туралы

Қазақ

28.04.2012

ЭЖЖ пайдалану жөніндегі электромонтерлер арасында өтетін жарыстар туралы

2012 жылдың 24-27 сәуірінде 220 кВ-тық «Макинск» оқыту-жаттығу сынақ алаңында  (Ақмола  облысы) «КЕGОС» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан  компаниясы» АҚ Жүйеаралық электр тораптары филиалдарының (ЖЭТ) ЭЖЖ пайдалану жөніндегі электромонтерлері бригадаларынан жасақталған 9 команда арасында жарыстар өтті.

Жарыстар мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, жоғары вольттық желілерде жөндеу-пайдалану жұмыстарын атқарудың озық әдістері мен амалдарын тарату, жаңа құрылғылар мен айлабұйымдарды ендіру,  апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік деңгейін көтеру мақсатында жиі өткізіліп тұрады. Осы мамандық иелерінің қатысуымен сайыстар  2003, 2005 және 2008 ж.ж.  болып өтті және әдетте мынадай кезеңдерден тұрады:

 1. Бригадалардың құжаттамамен, құрал-саймандармен, айлабұйымдармен, қорғаныш құралдарымен және қолданылатын жаңа нысандармен  жарақталуын тексеру.

2. Қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтарды білу деңгейін тексеру.

3.  500 және 220 кВ-тық ӘЖ-дегі металл тіректерінің керетін тізбеліміндегі ақаулы оқшаулатқыштарды тартқыш құрылғы мен сатыны қолдана отырып алмастыру.

5. 500 кВ-тық ӘЖ тіректерінің аралығындағы ақаулы сым кернегішін автомұнараны қолданбай аспалы арбашаның көмегімен алмастыру.

6. Электр тогының әсерінен зардап шеккенге дәрігер жеткенге дейін көмек көрсету.

Жарыстар қорытындылары бойынша «Ақмола ЖЭТ» филиалының бригадасы  Қазақстан  Республикасын 2012 ж. қыркүйегінде  Винница қ.-да (Украина) өткізілетін ТМД электр энергетикалық компаниялары арасындағы халықаралық сайыстарда көрсететін болды. 641  балл жинаған жеңімпаздар командасы ауыспалы кубокпен, құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен (ноутбук) марапатталды.

 Дәстүрлі көшбасшылар ішінде – «Солтүстік ЖЭТ» филиалы, оның желіліктер  бригадасы  621  балл жинап «күмісті» жеңіп алды. Үшінші орында - 548 балл нәтижесімен «Орталық ЖЭТ» бригадасы. Қазылар комиссиясы сондай-ақ  Нұрлан Жүнісовке («Сарыбай ЖЭТ») «Үздік шебер» атағын беру туралы шешім қабылдады. Ал, Әлібек Әбдікәрімов («Ақтөбе ЖЭТ») «Үздік электр монтері» ретінде танылды. Қатысушы  командалардың ұсынымдары бойынша жарыстардың үздік қазысы болып  «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалындағы ЭЖЖ қызметінің бастығы Игорь Федоскин аталды.

 Анықтамалық ақпарат:

 «KEGOC» АҚ Қазақстан  БЭЖ-нің Жүйелік операторы болып табылады. Компанияның мүліктік кешеніне мемлекетаралық ағындарды, ортақ пайдалыныстағы электр станцияларынан қуат беруді, таратушы электртораптық компаниялар (ТЭК) мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 24 мың  км-ден астам электр жеткізу желілері, ұлттық электр торабын құрайтын 74 трансформаторлық және тіректік қосалқы  станция кіреді. 

 ЭЖЖ – электр жеткізу желілері

ӘЖ -әуелік желі

БЭЖ – біртұтас электр энергетикалық жүйе