Fitch суверендік рейтингтік іс-шаралар жүргізгеннен кейін «KEGOC» АҚ рейтингісін төмендетті

Қазақ

 

Астана қ.                                                                                                                                    2016 жылғы 11 мамыр

 

«Fitch суверендік рейтингтік іс-шаралар жүргізгеннен кейін алты қазақстандық компанияның рейтингісін төмендетті» Fitch есептемесіне сілтеме (Fitch Downgrades Six Kazakh Corporates on Sovereign Rating Action): https://www.fitchratings.com/creditdesk/reports/report_frame.cfm?rpt_id=...(ағылшын тілінен аударылды)

Fitch Ratings-Лондон- 2016 жылғы 05 мамыр. Fitch Ratings Таяу арада Қазақстанның  суверендік рейтингісін төмендеткеннен кейін «KEGOC» АҚ рейтингісін төмендетті. Рейтингтік іс-әрекеттердің толық тізімі www.fitchratings.com сайтында немесе жоғарыдағы сілтеме бойынша келтірілген. 

Аталған рейтингтік іс-әрекеттердің басты негіздемелері суверендік рейтингтердің төмендеуінің мемлекеттік меншіктегі компаниялардың рейтингісіне  тікелей ықпалы болып табылады. Негізгі рейтингтік факторлармен, болашақта ықпалын тигізетін факторлармен және алты компанияның әрқайсысы бойынша  негізгі жорамалдармен  төменде көрсетілген  рейтингтік іс-әрекеттер жөніндегі таяу арадағы  хабарламалармен танысуға болады.

НЕГІЗГІ РЕЙТИНГТІК ФАКТОРЛАР

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ («KEGOC», шетел валютасындағы ұзақ мерзімді РДЭ «BBB+»-дан  «BBB»-ға дейін  төмендетілді,  «Теріс» болжамы)

Компаниялардың рейтингісі суверендік  рейтингтермен байланысты. Рейтингтер заңдық байланыстар әлсіреген жағдайда жалпылай алғанда, компаниялардың мемлекетпен күшті байланысы бар екендігін көрсетуді жалғастырып келеді. Fitch егер қаржылық ковенанттардан шегінуге арналған рұқсат талап етілсе немесе олардың шарттарын өзгерту туралы келіссөздер жүргізу қажет болған жағдайда компанияға уақтылы қолдау көрсетілуін күтеді. 

«Теріс» болжамы басым тұрған тікелей емес акционердің тарапынан, Қазақстан Республикасы,  әсіресе, мемлекеттік кепілдіктер мен  ішінара IPO кейін  жоғары дивидендтік төлемдерге байланысты (2015 жылы кемінде 40%, 100% ) саясатын жүзеге асыруда компанияға қолдау көрсетудің әлсірегені туралы Fitch-тің пікірі көрсетеді. Fitch егер кепілге байланысты борыштың үлесі жиынтықты үлестің 40%-нан төмендесе, компанияның рейтингісін бір деңгейге (2015 жылдың 9 айында 44%) төмендетеді.

 

     Байланыс ақпараты

    Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
    Қазақстан Республикасы, 010010
    Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
    Факс: +7 (7172) 690-455
    e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған:www.kegoc.kz.