Қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі!

Қазақ

Тек еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің ғана емес, «Қауіпсіздік – компанияның әр қызметкерінің жауапкершілігі» қағидасы. Басқарушы қызметкерлер үшін өндірістік қауіпсіздікті басқару бойынша семинар-тренинг осы ұранмен өтті. 

Семинарға «KEGOC» АҚ-ның барлық шақырылған басқарушы қызметкерлері қатысты. 

Тренингте Техникалық бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің серіктес директоры Николай Гармаев өндірістік қауіпсіздік мәдениеті туралы бөлімдер, өндірістік қауіпсіздікті басқару саласындағы ең үздік әлемдік практикалар тәжірибесін, қауіпсіздік саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың өндірістік қауіпсіздікті басқару моделінің негізгі әдістері мен қағидаларын, сонымен қатар Басшылық рөлі мен басшылардың жеке ұстанушылықтарын толық таныстырды. 

Семинар қатысушылары Компаниядағы қауіпсіздікке дұрыс қатынас дұрыс мақсаттар мен топ-менеджмент жетекшілігінен, яғни, «Қауіпсіздік бізден бастау алады» - деп атап өтті. 

Өндірістік қауіпсіздіктің тұрақты мәдениетін арттыру бағытында ары қарай даму барысында тәуекелдерді бағалау негізінде қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудитін іс жүзінде ендіру, мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқару, жұмыс орнындағы жұмыс қауіпсіздігін талдау қарастырылады. Бұл Компания басшылығының өз қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелеріне басымдылық беріп, қауіпсіздік, ашықтық және анықтықтың корпоративтік мәдениетін құру мақсатын қояды. 

Семинарды қорытындылай келе, Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Бақытжан Жазықбаев компанияның барлық қызметкерлерінің қауіпсіздігіне бағытталған семинарлардың қажет және өндірістік персоналдың қауіпсіздікті сезінуі мен мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізілуі тиіс екендігін атап өтті.